Монша 12 млн, сағат 24 млн, есік 5 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монша 12 млн, сағат 24 млн, есік 5 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Монша 12 млн, сағат 24 млн, есік 5 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Блогер Ерболат Жанәбілов Астанада жақында ғана біткен зәулім үйін көрсетті.

  • 19 Қазан 2022
  • 558
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жанәбілов оқырмандарының үйді инстаграм желісінен көргенін, алайда үйді толықтай көрсетуге шешім қабылдағанын айтты.

"Біз дайын газон сатып алдық. Үй шамамен 370-380 кв метр. Негізінен бұл дайын үй, мұнда бұрын адамдар тұрған", — деді Ерболат Жанәбілов.

Сондай-ақ блогер монша туралы айтты.

"Моншаны 12 миллион теңгеге алдық. Оны бізге басқа қаладан әкеліп берді", — деді блогер

Сонымен қатар, блогер әйелі екеуінің қымбат заттарын да көрсетті.

"Жақында ғана Rolex сағаттарын сатып алған болатынбыз. Менің сағатым 12 миллион теңге тұрса, ал әйелімнің сағатын 24 миллион теңгеге сатып алдық", — деді.

Блогер Ерболат Жанәбілов сонымен қатар барлық едендердің жылы еден екендерін, барлығын қымбатқа алғандарын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар