Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды

Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды

Жасанды жолмен ұрықтандыру кезінде баланың жынысын таңдауға рұқсат бар. Бүгін Алматыда діндарлар кеңесі көптің көкейінде жүрген осы мәселеге қатысты пәтуа шығарды.

  • 18 Сәуiр 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

ЭКО жасату кезінде ұл немесе қыз ұрпақты таңдап алуға енді шариғат қарсы келмейді. Алайда, ерлі-зайыпты қатты зәру болғанда ғана осы әдісті қолдануы тиіс. Мәселен, болашақа ата-ананаың бірі бедеу немесе тұқым қулайтын аурулар болса ғана. Өйткені, генетикалық дерт көбіне ұл балаға беріледі екен. Ал, қыз балаға берілмеуі мүмкін. Айта кетерлігі, ерлі-зайыптылар заң мен шариғат алдында некеде болулары тиіс.  Сондай-ақ, бүгін ғұламалар кеңесі туыла сала шетінеп кететін шақалақтарды жерлеудің жөн-жоралғыларына да қатысты пәтуа шығарды.

Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:


– Егер түсік болатын болса, 12 мүшесінің белгісі болатын болса, олай болса біз толыққанды жаңағы атын айтып, жерлеуімізге болады. Ал, егер де 12 мүшесі де бүтін, ағзасында кішкене қыбырлаған, яки болмаса, дауысы шығып, сондай болатын болса онда атын айтып, және жаназа намазын оқып, жерленеді деген сөз.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды