"Мұғалім болып керек емес, қашыңдар": Жас мұғалім педагогтердің жанайқайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.91
  • 544.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұғалім болып керек емес, қашыңдар": Жас мұғалім педагогтердің жанайқайын айтты

"Мұғалім болып керек емес, қашыңдар": Жас мұғалім педагогтердің жанайқайын айтты

Көпшілік ұстаздардың жұмысы қазіргі таңда тым ауыр әрі қағаз жұмысы көп екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

  • 12 Мамыр
  • 10
Фото: Instagram/Kyn.kz

Көпшілік ұстаздардың жұмысы қазіргі таңда тым ауыр әрі қағаз жұмысы көп екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жас ұстаз басқа саланы меңгеріп алса, қуана кетенінін жеткізген.

«Мұғалім болып керек емес, достар қашыңдар! Мұғалім болмай-ақ қойыңдар. Шын айтамын, қолымнан бір күшті нәрсе келсе, мен мұғалімдікті тастап, сол салаға кетіп қалатын едім.

Барлығы айтады, кезінде кетіп қалу керек еді дейді. Тіпті жасы үлкен мұғалімдер. Сөзінің жаны бар, бәрі емес әрине. Бірақ көбісі солай айтады», — деді ол.

Көпшілік оның бұл сөзін қызу талқыға салған. Олар: «Медицина мен педагог әшейін күн көру ғой», «Менің балам кетіп қалды суши пісіретін повор күніге алады жиырма мың мастер класс өткерсе шала байып қаламыз, одан суши үйренуге заттарын акеледі өздері жеп одан ақша Мұғалім директордың звачтың айқайы күнде күнде жазу ми ашып», «Дұрыс дұрыс, зейнеткер мұғалім мен сол салада жасап жүрген мұғалімдер ауырып барса емханаға қарала алмайды, себебі анализ тапсыру үшін орнына адам жоқ сабақ беретін, анализ қорытындысы шыққанша жүреді, құлағанша жүреді.Мұғалімдер мен Зейнеткерлердің өздері санаторийға барғанын көрген жоқпын» деп жазған олар.