Мүгедек жандарға бизнес бастауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек жандарға бизнес бастауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылады

Мүгедек жандарға бизнес бастауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылады

«Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы «Би Джи Қазақстан» компаниясының қаржылай қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен серіктестікте арнайы жобаны іске қоспақ. Бұл туралы бүгін аталған қауымдастықтың төрайымы Ләззат Қалтаева мәлім етті.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz


 «Жобаның негізгі бағыттары мүмкіншілігі шектеулі жандарға кәсіпкерліктың қыр-сырын үйретіп, заңгерлік, салық мәселелерінде, бизнес жоспар құруда, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті бастау үшін қазетті құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алу кеңес беру болып отыр», — деді ол.

Ал жобаға қаржылай көмек көрсететін компанияның корпоративтік саясат жөніндегі вице-президенті Зарина Бәкенованың сөзіне қарағанда. Жоба еліміздің үш қаласында, атап айтқанда Астана мен Алматыда және Орал қаласында өтеді. 2014 жылдың 1 мамыр күні осы үш қалада басталатын жоба жыл аяғына дейін өз мәресіне жетуі тиіс.

«Жобаға әр қаладан 10 адамнан қатысатындығын жоспарлап отырмыз. Ол бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде «Даму» порталы арқылы қатысушылардың өтінімдерін қабылдау әрі іріктеу жүргізіледі. Екінші кезеңде қатысушылар екі күндік бизнес-кеңесші  курсына қатысады. Үшінші кезеңде қатысушыларға заңгерлік, салық аспектілері, кәсіпкерлікті жүргізу бойынша жеке кеңес беріледі. Ал төртінші кезеңде бизнес бастамалар мен бизнес жоспарларды рәсімдеуге көмек көрсетілсе, соңғы кезеңде бизнесті бастау үшін қайтарымыз грант алуға арналған бизнес жоспарлар конкурсы жүзеге асырылады. Бір қатысушыға ұсынылатын грант көлемі 500 мың теңгені құрайды», — деді ол.