Мүгедектерге арналған жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектерге арналған жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

Мүгедектерге арналған жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

Биылдан бастап мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифингте мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл мүгедектерге арнап жаңа жұмыс орнын ашатын жұмыс берушілерді субсидиялауды бастаймыз. Егер жұмыс беруші «мына жұмыс орнын ашуға осыншама қаржым кетті» деп бізге келсе, алдымен жергілікті атқарушы органдардан құралған комиссия нақты талаптарға қаншалықты сай келтінін тексеріп, жұмыс берушіге субсидия бөледі. Пилоттық тәртіпте іске қосылатын жобаға биыл мүгедектерге арналған 708 жұмыс орын ашуға 110 млн теңге бөлінді», — деді Тамара Дүйсенова.

Субсидия алу үшін жұмыс беруші xалықты жұмыспен қамту орталығына өтінімін тапсырады. Өтініммен қоса заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама, жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығынның сметасын көрсетуі шарт. Жұмыспен қамту орталығы құжаттармен бірге өтінімді қабылдаған соң үш күннен кешіктірмей қарап шығады. Содан соң өтінімді жергілікті органдарға жібереді. Айта кетсек, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушіге субсидия берілмейді.


Соңғы жаңалықтар