Мұғалім сабақ үстінде сөйлегені үшін оқушының аузын скотчтап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалім сабақ үстінде сөйлегені үшін оқушының аузын скотчтап тастаған

Мұғалім сабақ үстінде сөйлегені үшін оқушының аузын скотчтап тастаған

Смоленск қаласындаға №33 мектепте мұғалім екінші сынып оқушысының аузын сабақ уақытында сыныптасымен сөйлесіп отырғаны үшін скотчпен байлап тастаған. Оқушы солай жарты сағаттай отырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіlife.ru-ға сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz

Қала әкімшілігі бұл жағдайды тексеріп, шара қолданатынын айтқан.«Бұл жағдай тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жазалануы керек», — деді қала басшысы Владимир Соваренко.

Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Readovka порталы жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде бұған ұқсас жағдай оның алдында да болған. Иркутск облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балалардың бірінің аузын скотчтап тастағаны хабарланған-ды. Тәрбиеші ол баланың суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.


Соңғы жаңалықтар