"Мұғалімдер оқуды тозаққа айналдыры" : ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұғалімдер оқуды тозаққа айналдыры" : ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді

"Мұғалімдер оқуды тозаққа айналдыры" : ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған.

  • 9 Желтоқсан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады.

"Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды", — делінген ресми хабарламада.

Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр", — дейді университет қызметкерлері.

Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.

Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар