Мұғалімнің оқушыны тоқпақтап жатқан видеосы интернетті дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалімнің оқушыны тоқпақтап жатқан видеосы  интернетті дүр сілкіндірді

Мұғалімнің оқушыны тоқпақтап жатқан видеосы интернетті дүр сілкіндірді

Мектептегі сорақылық! Оқу маусымы аяқталғаны сол еді, ғаламторда ұстаздың қадірін қашыратын тағы бір видео жарияланды. Бұл жолғы таспада сыныптың көзінше бір оқушыны жұлмалап жатқан мұғалімнің бассыздығы анық көрінеді.

  • 28 Мамыр 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұл мұғалім бір жайтқа қатты ашуланған тәрізді. Әйтеуір, шәкіртіне дікеңдеуі жаман. Оқушыға ауызына келгенін айтуда. Тіпті беті-басын жұлғылап, ауызына түкіруге дейін барған. Баланың намысына тиіп, оның жігіт еместігін де бетіне басты. Ал осы жолғы оқушы шыдамды екен. Ұстазына қарсы қылық танытқан жоқ. Тіпті сөмкесін лақтырып, «кет-кеттің» астына алып жатса да. Әзірге оқиғаның нақты қай мектепте болғаны белгісіз. Таспа авторы Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқу ордасының бірі деп айтапты.