Осылайша сот прокурордың талабын қанағаттандырып отыр. БТА банкі директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязовқа алаяқтық әрекеттер үшін халықаралық іздеу жарияланған болатын. 31-ші шілдеде қолға түскен соң оны экстрадициялауға Қазақстан, Ресей мен Украина тарапы өтініш жасаған. Бірақ ресми Париж бен Астана арасында қылмыскерлерді беру жайлы келісімшарт жоқ. Сондықтан ол Украина немес Ресей арқылы Қазақстанға жеткізілуі мүмкін. Бұл елдерде де, оған қатысты 6 млрд доллар қаржыны жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Бірақ экстрадициялау мерзімі әлі нақтыланбады. Оның үстіне қашқын банкирдің адвокаттары апелляциялық шағым дайындап жатыр.