Мұхтар Әуезов театрына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әуезов театрына жаңа басшы тағайындалды

Мұхтар Әуезов театрына жаңа басшы тағайындалды

Еркін Жуасбек осымен үшінші рет Мұхтар Әуезов атындағы театрды басқаруға келді.

  • 5 Наурыз 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі  Нұрғиса Дәуешов М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымына жаңа директорды таныстырды.

 Бүгіннен бастап театрға өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек басшылық етеді.

«Сәттілік тілейміз! Талай жыл қызмет етіп, осы жердің өсу-өркендеуіне атсалысып келе жатырсыз.  Жалпы Қазақстанның театр өнері саласында еңбегіңіз орасан зор. Соны министрлік өте жақсы бағалап, өзіңізге деген үлкен жауапкершілік, сенім артып, театрдың дамуына үлес қосады деген ниетпен сізді тағайындауды жөн деп санады. Қызметіңіз құтты болсын. Бұл лауазымнан көрі, артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Ұжыммен бірге жемісті қызмет етеріңізге сенеміз», – деді вице-министр.

Жаңа басшыны таныстарған соң, министрлік өкілі театр ұжымының алдында бірнеше тапсырма тұрғанын айтты.

«Басшылыққа рахмет. Еркін – өзімізде өскен, қызметін адал атқарған азамат. Театрды біледі. Алдағы уақытта абыроймен жұмыс істейді деп үміттенеміз»,- деді театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов.  

Еркін Жуасбек 1965 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында дүниеге келген. Ол 1982 ж. Алматы Мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының театр факультетіне «Драма және кино актері» мамандығына оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант болып бастады. ҚР Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «Театр және кино» бөлімінің бастығы; 1999-2001 жж. Республикалық Неміс драма театрының директоры; 2001 ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында әкімшілік директоры; 2004-2008 жж. ҚР Театр қайраткерлері Одағының төрағасы; 2008 ж. желтоқсанынан 2013 ж. сәуіріне дейін Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры; 2013 ж. 1-сәуірінен М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетуі керек, Еркін Жуасбек осымен үшінші рет Мұхтар Әуезов атындағы театрды басқаруға келді. Бір жыл бұрын осы қызметке тағайындалған Сәбит Әбдіхалықов екі күн бұрын ұжыммен қоштасты.

Соңғы жаңалықтар