Мұнай бағасы қайта $100 болмайды - РФ Энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы қайта $100 болмайды - РФ Энергетика министрі

Мұнай бағасы қайта $100 болмайды - РФ Энергетика министрі

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак мұнайдың бір баррелі үшін 100 доллар болған бағасы таяу болашақта қайта оралмайтынына сенімді.

  • 11 Маусым 2015
  • 727
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Мемлекеттік Думадағы үкімет сағатында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Росбалт.

«Әлемде мұнай қоры жеткілікті, саладағы өнімділік пен тиімділік өсті, «күрделі мұнай» үлесі артқан», — деп атап өтті А.Новак. 

Ол сондай-ақ мұнай өндірудің жалпы көлеміндегі өндірілуі күрделі мұнайдың үлесін арттыру мүмкіндігін шығармады. 

«Қазір бұл 20 пайыз,10 жылдан кейін 50 пайыз болады», — деді министр. 

Жалпы алғанда, оның айтуынша, мұнайдың бүгінгі бағалары «нарық үшін қолайлы әрі қалыпты». 

«Мүмкін, ол сәл төмендеу болады. Өйткені жыл сайын пайда болып жатқан технологиялар мұнай бағасын арзандатып отыр», — деп қосып өтті Новак. 

Сонымен қатар энергетика министрі мұнай нарығының 2015 жылдың екінші жартысында немесе 2016 жылдың басында теңгерілімді қалыпқа келетінін болжады.