Мұнай бағасының төмендеуінен АҚШ-тағы сланецті жобалар жабылып, долларға деген сұраныс азаюы мүмкін – Путин - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасының төмендеуінен АҚШ-тағы сланецті жобалар жабылып, долларға деген сұраныс азаюы мүмкін – Путин

Мұнай бағасының төмендеуінен АҚШ-тағы сланецті жобалар жабылып, долларға деген сұраныс азаюы мүмкін – Путин

Мұнай бағасының төмендеуі АҚШ-тағы тақтатасты жобаларға қауіп төндіріп, долларға деген сұранысты төмендетуі мүмкін.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бейсенбідегі «тікелей желі» барысында Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті.

В.Путин АҚШ Ресейге ықпал ету құралдарының бірі ретінде әлемдік мұнай бағасын төмендетуі мүмкін деген мәселеге қатысты былай деді: «Бүгінде АҚШ сланецті газ бен мұнай өндірісін дамытып отыр. Бұл жобалардың пайдасы шаш-етектен — өте қымбат жобалар. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасын төмендететін болса, ол жобалар рентабельділіктен мүлдем айырылуы мүмкін. Яғни, енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан сала тумай жатып, өліп қалуы мүмкін».

«Сонымен қатар, тағы бір мәселе – әлдемдік нарықта мұнай саудасы доллармен жүргізіледі. Баға түссе долларға деген сұраныс та төмендейді. Сөйтіп, доллар әлемдік валюта мәртебесінен айырылады», — деді В.Путин.