Жарияланды: 60

"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па

"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па

Егер мұнай өндіруші елдер одағы "мұнай дәуірінің" аяқталып жатқанын астыртын талқылап жатқан болса, онда бұл жағдайдың шын мәнінде өзгеруі деген сөз.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ОПЕК-тегі ақпарат көздері Рейтер агенттігіне мұнай экспорттаушы елдердің альянсы мұнайға деген сұранысты қарастырғанын мәлімдеген. Олардың пікірінше, енді ешқашан сұраныс қайта қалпына келмейді және бұл мұнай өндіруші елдер үшін айтарлықтай ауыр зардаптарға әкеледі.

Ал британиялық жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, "мұнай қолдануды (пайдалануды) қолдайтын 60 жыл бұрын негізін қалаған әлеуетті ОПЕК-тің кейбір лауазымды тұлғалары мұнай дәуірі аяқталуға жақындаған тұста биылғыдай ұдайы өзгерістер мен тасымалдауды тиімді басқаруда сұраныстың күрт төмендеуін алдын алуға келмей ме деген мәселені көтерді. Агенттіктің жеті дереккөзіне (соның ішінде ОПЕК-тің бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды өкілдері де бар) сүйенсек, ОПЕК-тің ұзақ мерзімді болжамы бойынша мұнайды жаһандық тұтыну тұрақты төмендеу жағына қарай қайта қаралуы керек дейді. Бірақ ұйымның ресми ұстанымы пессимистік бағалаудан алыс екенін ескерген жөн.

Анығында, Рейтердің бұл материалы жоғары қызығушылық тудырды (тіпті, даулы десе де болады): егер мұнай өндіруші елдер одағы "мұнай дәуірінің" аяқталып жатқанын астыртын талқылап жатқан болса, онда бұл жағдайдың шын мәнінде өзгеруі деген сөз. Демек, Ресей, Канада немесе Норвегия сияқты олар өздерінің жоспарын қайта қарауға мәжбүр болуы тиіс.

Алайда, бұл батыстық БАҚ-тың анонимді (кейде анонимді емес) жоғары дәрежелі ақпарат көздері арқылы "мұнай дәуірі" аяқталғанын немесе оның күні батып бара жатқанын бірінші рет жариялауы емес. Коронавирустық экономикалық күйзеліс, шын мәнінде, мұнайға сұраныстың азаятыны күтілген ұзақ мерзімді көрінісіне жаңаша ештеңе қоспады. Мұнда тек екі тармақ: жаһандық жылынумен күрес шаралары және "жасыл энергетика" технологияларының бұрын-соңды болмаған дамуы тізімге қосылды.

Тиісінше, қазір осы екі фактор коронавирус планета экономикасын құлдыратады деген тезиспен толықтырылуда. Сондықтан да мұнайға деген бұрынғы сұраныстың деңгейі енді ешқашан болмайды. Басқаша айтқанда, коронавирус тұтынушылардың мінез-құлқының өзгеруіне әкелді. Тіпті, экономика қалпына келген күннің өзінде тұтынушылар бұдан былай жұмысқа автокөлікпен бармайды (барлығы да қашықтан жұмыс істейтін болады) және демалыста ешқайда ұшпайды, өйткені туризм эпидемия аясында құлдырап жатыр.

Әлемнің әр елінде байқалатын дәстүрлі туристік бағыттардың қалпына келуіне байланысты қолжетімділікті алып қарасақ, тұтынушылар мінез-құлқындағы үздіксіз өзгерісті тиімді деп санауға болмайды. Жалпы әлемдік экономиканың қалпына келуі, екі-төрт жыл уақытты қажет етсе де, мұнайға деген сұраныстың табиғи өсуін баяулатады.

Олар 2004 жылдан бастап жұмысшылардың едәуір бөлігінің қашықтан жұмыс істеуге ауысуы мен интернет дәуірінің басталуы туралы әңгіме қозғады. Бірақ мұндай тәжірибелердің көпшілігі тиімділігін көрсетпеді. Өйткені, бұл жағдайда тәртіп пен еңбек өнімділігі жиі төмендейді. Кеңседегі әріптестер өздерінің басшыларымен жеке-жеке байланысатынын қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер тез байқады. Нәтижесінде, кеңседе істейтіндер корпоративті баспалдақпен көтерілу кезінде оларды айналып өтеді де, бұл қашықтан жұмыс істеуді тартымсыз етеді.

Мұнайға деген сұраныстың бірден-бір елеулі қатері электромобильдерді, сондай-ақ электр жүк тасымалдағыштар мен теңізде контейнер тасымалдағыш электр кемелерін бәсекеге қабілетті ететін нақты технологиялық жетістік болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде коронавирус жаңадан ештеңе әкелмеді десек те, жаңа технологиялардың қаупі әрқашан болған.

Бір қызығы, кейбір шикізат өндіруші саланың болашағы туралы алаңдаушылық тудырған сәтте бұл салаға инвестициялар ең тартымды болып шығады. Мүмкін бір-екі жылдан кейін әлемдік мұнай өндірісінің келешегі туралы қазіргі пікірталастар күлкілі болып көрінуі мүмкін. Өйткені, мұнай сұранысы сияқты проблемалар туындауы мүмкін.

Мәселен, Financial Times-қа берген сұхбатында тәжірибесі мол тәуелсіз тақтатас компанияларының бірі Parsley Energy президенті Мэтт Гэллэхер АҚШ-тың мұнай өндірісі шыңынан өткенін мәлімдеді және бұдан былай күніне 13,1 миллион баррель мұнай өндірген рекордтық деңгейге қайта көтерілмейтінін айтты.

Оның үстіне, бұл мәселеге өте аз адамдар қызығушылық танытқан қазіргі кезде, АҚШ-тағы тақтатас мұнайының қорлары көбінесе жалған болып шықты. Бұл "кремльдік насихаттаудың" бағалауы емес, америкалық Bloomberg ақпарат агенттігінің жүргізген зерттеуінің нәтижесі:

"Бұрынғы және қазіргі бес инженер-геологпен анонимдік жағдайдағы сұхбатында олар оптимизмді сыйлайтын (корпоративті) мәдениетті сипаттайды. Сауалнамаға қатысқан екі инженер басшыларына ашық түрде "қорларды көбейту керек" деп айтқанын атап өткен. Ал басқалары мұндай сұраныстың орындалғанын және тек агрессивті рейтинг ұсынған инженерлердің қызметте өскенін еске салды. Олардың кейбірі өздері немесе әріптестері негізгі фигураларды "салғысы келмегендіктен" жұмыстан шығарылды дейді.

Соңғы жылдардағы дәстүрлі мұнай өндірісіне инвестициялардың созылмалы жетіспеушілігін ескере отырып, эпидемиядан кейін сұраныс қалпына келе бастауы мүмкін. Бірақ мұнай көлемі оны қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болады. Бір қарағанда бұл сценарийдің ықтималдығы әлдеқайда жоғары. ОПЕК+ альянсы да мұнайдың қымбаттау жағдайында ғана өндірісті дұрыс басқару міндетіне тап болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін