Мұқағалидың туғанына 80 жыл толу мерейтойы ақынның туған жерінде дүрілдеп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұқағалидың туғанына 80 жыл толу мерейтойы ақынның туған жерінде дүрілдеп өтті

Мұқағалидың туғанына 80 жыл толу мерейтойы ақынның туған жерінде дүрілдеп өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай ұлан-асыр той өтті. Ақынның туған топырағы Қарасаз ауылы мен Шалкөде жайлауында қатар болған шараға елдің әр түкпірінен 40 мыңға тарта адам жиналыпты.

  • 2 Тамыз 2011
  • 731
Фото - Caravan.kz

Тойдың басы ақынның туған жері Қарасазда басталды. Орманды тау бөктеріндегі ауылда ақынға арналып жаңа ескерткіш қойылып, мұражайы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Әділ Ахметов, Сенат депутаты:

— Мінеки, балалық шағы осы жерде өткен. 10 жасында әкесі соғысқа кетіп, жетім қалған кезі ғой. Мұқағалидың поэзиясы 10 жасында басталады ғой. Өйткені әкесін аңсап, 1-ші дәптерлері сол кезде басталған.  Мен де әкемнен 6 айлықта қалып едім. Екеуміздің арамыз – 10 жас. Сол екеуміз мұңдас, сырлас сияқтымыз. Бұл өзі сияқты жетім қалған, жесір қалған адамдардың жебеушісі сияқты болды.

Жалпы, Мұқағалидың тойына келген жұртта есеп болмады. 40 мыңға жуық қонақ келгендіктен, мұнда ине шаншар орын жоқ. Тойдан тәбәрік алып, дәм татуға асыққандардың кептелісін тіпті тәртіп сақшыларының өзі әрең ұстап тұрды.

Мұндағы жұрт Қарасаздың әр жылқысы жорға, әр жігіті ақын деп біледі. Бұл ауылда баланың тілі жаңа шыға бастаған кезден-ақ Мұқағалидың жыр-шумақтарын жаттай бастайды екен.    

Ес білгелі Ақынның жырын жаттап өскен балалардан бөлек, ел ағалары да оның әр шумағынан шөл қандырады. Олар кезінде қасында бірге жүрсек те, ақынның анық тұлғасын білмеппіз деп еске алады.    


Асанәлі Әшімов, ҚР Халық артисі:

— Мұқағалидың ұлы болатынын білмедім. Кеткеннен кейін салыстырып қарасам, буырқанған, бұрсанған, әр өлеңі шабыт береді екен.

Тойдың негізгі ресми бөлімі ауылда өткізілсе, думанды шарасының бәрі екінші күні жайлауда жалғасты.

Шалкөде ұзындығы 70 шақырымға созылған Алматы облысындағы ең ірі жайлаудың бірі. Бүгін мұнда Мұқағалидың мерейлі 80 жылдығына орай ақ шатырдан кіші-гірім қалашық турғызылды. Мұндағы киіз үйлердің өзі 350-ден асады екен.

Жайлауда жыр мүшәйрасының қортындысы, ат жарысы, қыз қуу, балуандардың белдесуі секілді бірнеше шара өтті. Әрбір сайыстың жеңімпаздарына бір-бір көліктен берілсе, бәйгеге 8 темір тұлпар тігіліпті. Жалпы ақынның туған күніне арналған шараға облыс қазынасынан 1 млрд. теңге жұмсалған.