Мұндай үкім Әл-Минья провинциясының оңтүстік сотындағы отырыста шығарылды. Оған қоса, бұған дейін өлім жазасына кесілген 529 "исламшының" 37-сінің үкімі қайта бекітілді. Қалғандарыныкі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Сотталушылар полиция учаскесіне шабуыл жасап, тәртіп сақшыларының өліміне кінәлі деп танылды. Қорғаушылардың көпшілігі судьяны ауыстыруды талап етіп бойкот жариялаған. Алайда олардың сұраныстары қанағаттандырылмады. Сотқа қатысушы біреудің сөзіне қарағанда, сот отырысы бес минуттан аспады.