"Мүлдем маңызды емес": Жүсіп Ақшора осы күнге дейін не себепті бірде-бір мемлекеттік награда алмағанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүлдем маңызды емес": Жүсіп Ақшора осы күнге дейін не себепті бірде-бір мемлекеттік награда алмағанын түсіндірді

"Мүлдем маңызды емес": Жүсіп Ақшора осы күнге дейін не себепті бірде-бір мемлекеттік награда алмағанын түсіндірді

Танымал актер Жүсіп Ақшораның отандық телеарналарға берген сұхбаты тарады.

  • 9 Маусым
  • 3
Фото: Instagram/zhusip_akshora

Онда өнер иесі не себепті осы күнге дейін мемлекеттік наградасыз жүруін түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мүлдем маңызды емес. Маған біреудің, елдің атақ бергені, ештеңе де керек емес маған. Маған «Халық әртісі» деген атақтың да керегі жоқ. Халық сені таныса, сенімен қосып суретке түссе, сені біліп «Ассалаумағалейкум» десе, сен «Халық әртісісің» болды», — деп жауап берді актер.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ өнер адамдары Президент Қ. Тоқаевтың қолынан марапат пен сыйлықтар алған болатын. Олардың қатарында Дастан Оразбеков сынды әншілер де болған.

Көпшілік сол кезде «Шаншар» әзіл-сықақ театрының әртістері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора да бірде бір мемлекеттік награда болмағанын жарыса жазған еді.