Жарияланды: 380

"Мыңтеке" кенішінде мұнай ұңғысын бұрғылау кезінде өрт шықты

Бүгін, 16-ақпанда таңертеңгі сағат 3-те Атырау облысы Забурунье ауылындағы "Мыңтеке" кенішінде 405 метр тереңдіктегі М-3 мұнай ұңғысын бұрғылау кезінде өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 техника мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 адамы, сондай-ақ, "Ақберен" РҚКК-ның 12 адамды тобы жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. "Мыңтеке" кенішін игеру және мұнай өндіру жұмыстарын "Каспий Петролиум" ЖШС атқаруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін