Мысыр соты Ислам мемлекетінің 12 содырына өлім жазасын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр соты Ислам мемлекетінің 12 содырына өлім жазасын кесті

Мысыр соты Ислам мемлекетінің 12 содырына өлім жазасын кесті

Мысырдағы Эш-Шаркия провинциясының соты сенбі күні лаңкестік әрекет жасаған Ислам мемлекеті ұйымының 12 содырын өлім жазасына кесу туралы үкімді бекітті, деп хабарлайды РИА Новости.

  • 13 Қыркүйек 2015
  • 695
Фото - Caravan.kz

Сот лаңкестік топтың 14 мүшесіне қатысты істі қарады. Олар экстремистік әрекеттерді насихаттап, жастарды ИМ лагерьлерінен өту үшін Сирияға жіберген. 12 өлім жазасынан басқа, тағы екі лаңкес 3 жылдан бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2013 жылы исламшыл президент Мұхаммед Мүрси биліктен кеткен соң Мысырда жүздеген діни экстремистер өлім жазасына кесілген.

Ислам мемлекеті — бірқатар елде қызметіне тыйым салынған террористік ұйым. Үш жыл ішінде лаңкестер Ирак пен Сирияның бірқатар жерлерін басып алған. Ұйымның лаңкестік әрекеттерінің салдарынан жүз мыңдаған бейбіт тұрғын көз жұмып, бірнеше миллион адам босқын болды.


Соңғы жаңалықтар