Жарияланды: 270

Мысырда референдум қорытындысы жарияланды

Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша дауыс бергендердің 64 пайызы жаңа конституция жобасын қолдаған.

Екі кезеңнен тұрған дауыс беру процесіне 50 миллионға тарта электораттың 33 пайызға жуығы ғана қатысқан. Конституция жобасын көпшілігі исламшыл президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары дайындаған. Оппозиция жобаны демократиялық еркіндікті, әйелдер мен аз топтар құқықтарын шектейді деп сынаған. Биліктің қарсыластары бірнешеапта наразылық акцияларын ұйымдастырды. Оппозиция референдум барысында көптеген заң бұзушылықтар болды деп мәлімдеді. Жаңа конституцияға сай алдағы екі айда парламент сайлауы өткізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Азаттық».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін