Н. Назарбаев пен Ф. Олланд келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойды (ФОТОРЕПОРТАЖ) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев пен Ф. Олланд келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Н. Назарбаев пен Ф. Олланд келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кездесу барысында қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттары талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғарыш, мұнай-газ және теміржол машиналарын жасау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

  • 6 Желтоқсан 2014
  • 1783
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың негізін еліміздің тәуелсіздігін Еуропада алғашқылардың бірі болып таныған және 1993 жылы Қазақстанға келген Франция Президенті Ф.Миттеран қалағанын айтты.

— Содан бері дамып келе жатқан қарым-қатынастарымыз бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейінде. Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді, көптеген бірлескен кәсіпорындар бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда.  Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен  бір қауымы келгеніне қуаныштымын. Біздің кездесуіміз қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін, — деді Мемлекет басшысы.

Ф.Олланд өзінің бұл сапары Қазақстан Президентінің Францияға 2012 жылғы сапарында жасалған уағдаластықтың нәтижесі екенін атап көрсетті.

— Егер кейінге үңіліп, Қазақстанның Ф.Миттеранның сапарынан бергі жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бүгінде ол дамып, нығайып келе жатқан мүлде басқа ел. Біз Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастың ширығуы байқалып отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда Сіздің ел айрықша рөл атқарады, — деді Франция Президенті.

 Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптесі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кеңейтілген құрамдағы кездесуі барысында осылай мәлімдеді.

«Сіздің сапарыңыз біздің Ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп отыр. Қазақстандықтар біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Франция екенін біледі, сонымен бірге Тәуелсіз Қазақстанға ең бірінші сапар жасаған тұңғыш еуропалық лидер Франсуа Миттеран болатын. Осы жылдар ішінде біз бірлесе жұмыс істеп келеміз, стратегиялық әріптестік туралы келісіміміз де бар. Осының өзі біраз жайтты аңғартады», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы ресми Париждің Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдағанын, сонымен бірге Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптесі екенін атап өтті.

«Франция біз үшін ірі инвестор, қазіргі таңда жүзден астам компаниялар француз капиталының қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Біз білім беру саласында да ынтымақтасамыз. Астанада бүгін жоғару оқу орындарының бесінші форумы өтеді, Алматыда Орталық Азияда алғаш рет Сорбонна институтының филиалы ашылып отыр. Біздің елордамызда Президент Шарль де Голльге ескерткіш ашылатынын білесіздер. Ол 1966 жылы сапарында Байқоңыр айлағында болып қайтқан еді», — деді Мемлекет басшысы.

Францияның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол. Бұл туралы бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында мәлім етті.

2008 жылы екі ел арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өткен Франция басшысы: «Атап айтқанда, франциялық инвестициялардың Қазақстанда тұрақты өсімі байқалуда. Менімен бірге министрліктердің, парламенттің, кәсіпорындардың, университеттердің өкілдері қамтылған үлкен делегацияның келуі Францияның Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол екендігін байқатады», — деді.

Осы орайда ол Қазақстан экономикалық әлеуетін табысты жүзеге асырғанын, сонымен қатар еліміз әлемде маңызды саяси және дипломатиялық рөлді атқарып отырғандығын, Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы екендігін қадап айтты.

Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан соңғы бес жылда Қазақстан мен Франция арасында екі елдің тауар айналымы екі есеге артты. 

Ең алдымен Елбасы өзінің шақыруымен Қазақстанға тұңғыш рет ресмии сапармен келіп отырған Француз Президентіне өз ризашылығын білдірді.

«Қазақстан мен Франция арасында дәстүрлі ынтымақтастық Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен дамып келе жатыр. Тәуелсіздігімізді тұңғыш мақұлдаған елдердің бірі Француз Республикасы болатын. Қазақстанға тұңғыш рет келген Еуропа басшысы да француз президенті Франсуа Миттеран еді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап екі елдің арасында көп жұмыстар атқарылды. 2008 жылы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол жеткіздік, ал 2010 жылы екіжақты комиссия құрылды», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі елдің арасында депутаттық ынтымақтастық топтары бар екеніне, экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық комиссия да жұмыс жасайтынына тоқталды.

«Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, соңғы бес жылда екі елдің тауар айналымы екі есеге артты. Былтыр оның жалпы сомасы алты миллиард доллардан асты. Біздің экономикамызда француз бизнесі салған инвестиция он бір миллиард доллардан асып отыр. Қазір Қазақстанда француз капиталының үлесі бар жүзден астам компания жұмыс істейді, олар энергетика, машинажасау, көлік, фармацевтика, ғарыш, құрылыс салаларында қызмет етуде», — деді Елбасы.

Француз тарапы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға ниетті. «Бұл біздің француз президентімен соңғы екі жылдағы үшінші кездесуіміз. Бүгінгі Президент Франсуа Олландтың менің шақыруыммен келген алғашқы сапары аясындағы келіссөздерді жоғары бағалаймын. Франция аса сыйлы, ұлы держава, әлемнің ірі экономикаларының бірі», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы кездесу аясындағы келіссөздерді жоғара бағалай отырып, бүгін екі ел өкілдерінің қатысуымен өтетін бизнес форумға, ректорлар форумына қатысатынын, ондай шаралар барысында ынтымақтастықтың экономикалық уағдаластықтарға қол жететінін ерекше атап өтті.

«Біз инфрақұрылымдық, индустриялық-инновациялық дамудың жоспарын жүзеге асырып келеміз. Сондықтан да бизнес форумда осы бағыттағы ынтымақтастықтың нақты пункттері талқыланады деп отырмыз. Қазақстан осы бағдарламаларға қатысушыларға ерекше артықшылықтар ұсынады», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы француз тарапы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысуға ниет білдіргенін атап өтті.

Алматыда Француз Республикасының Сорбонна институтының филиалы ашылады.

«Келіссөздер барысында біз білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелерді де талқыладық. Бүгін осы саладағы келісімге қол қойылды. Ол бойынша тараптар өзара дипломдарды, университет деңгейлерін мойындауға мүмкіндік алатын болады, тілдерді одан да белсенді меңгеруге жол ашып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді дамытады», — деді Н.Назарбаев.

Елбасы сонымен қатар бүгін жоғары оқу орындарының бесінші форумы өтетінін, оның аясында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатынын мәлімдеді.

«Ертең Алматыда Қазақстандағы Сорбонна институты филиалының салтанатты ашылуы болады. Бұл Орталық Азиядағы Францияның алғашқы жоғары оқу орны», — деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени алмасулар маусымының жоғары деңгейін атап өтті.

«Біз осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайынбыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың келіссөздерінен кейін білім саласында құжаттар бекітілді.

Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Француз Ұлттық білім, жоғары білім және ғылым министрлігі арасында университеттің ынтымақтастық, ғылым және кәсіптік білім саласындағы келісімі бекітілді.

Сонымен екі елдің аталған ведомстволары арасында дипломдарды, университеттік дәрежелерді және оқыту кезеңдерін өзара тану туралы келісімге қол қойылды.

 Украина дағдарысы бойынша Француз Президентімен ұстанымымыз ұқсас.

«Келіссөздер барысында өңірлік мәселелер, Таяу Шығыс жағдайлары, Ресей мен Еуропа арасында санкциялар аясындағы халықаралық тақырыптар бойынша мазмұнды пікір алмасулар өрбіді. Украина мәселесі де талқыланды. Франция тарапы біздің ынтымақтастығымыз бойынша бірқатар өзекті мәселелерге қолдау білдірді. Еуропалық Одақ мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы диалог орнату мүмкіндіктері де қаралды. Сонымен қатар біз Украина дағдарысын реттеу қадамдарын да салыстырдық», — деп атап өтті Н.Назарбаев.

«Бұл ретте біздің, Президент Франсуа Олланд екеуіміздің ұстанымымыз ұқсас. Біз ешкімге де көмек болмайтын, керісінше, халықаралық саяси жағдайды нашарлататын осынау дағдарысты еңсеруді нүктесі табылғанын қалаған едік. Бұл дағдарыс тек Еуропа мен Азияның ғана емес, әлем экономикасына теріс әсер етіп отыр. Біз мәмілеге жетелейтін қадамдар бар деп есептейміз. Мен өз тарапымнан Қазақстанның осы мәселедегі күш-жігерін арттыруға дайынмын. Франция Президенті де бұл бағытта біздің күш-жігерімізді қолдап отыр», — деді Н.Назарбаев.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың келіссөздерінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Француз Республикасы Орталықсыздандыру және мемлекеттік қызмет министрлігі арасында екі елдің мемлекеттік басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы әріптестік келісімі бекітілді.
Бұдан бөлек, ҚР Энергетика министрлігі мен Француз елінің Экология, орнықты даму және энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылды.
Сонымен қатар ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен ФР Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі арасында тау шаңғысы туризмі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.
Мұнымен қоса екі елдің үкіметтері арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін және ғарыштық аппараттардың құрастырмалы-сынақтық кешенін жасау мен пайдалану шарттары туралы 2009 жылғы 6 қазандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Бүгін Ақордада Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатына өзінің бағасын берді.

«Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес. Бұл — аумағы бойынша ең үлкен мемлекет және ең бай ел», — деді Н. Назарбаев.

Елбасы талқылаулар барысында Ф. Олландпен бірге қалыптасқан ахауалдан шығудың жолын табу бағытында бірыңғай пікірге келгендігін атап өтті.

Сонымен қатар Н. Назарбаев  РФ экономикасы әлемдік экономикаға тығыз ықпалдаспағандықтан, Ресейге қарсы санкциялар тиісті әсерін бермейтіндігін айтты.

Қазақстан Президенті РФ басшысы В. Путинді либерал деп санайтындығын, сондай-ақ Путиннен кейін Ресейде национал-патриотизм немесе коммунистік реваншизм қандай болатындығы белгісіз екендігін жеткізді. 

Франция тарапы Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізуді жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд мәлім етті.

«Иә, біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және тиісті пікір алмасулар жүріп жатыр. Әрине, біз туристердің көптеп келуін қалаймыз, сондықтан да жеңілдетілген  әкімшілік рәсімдерді қамтамасыз етуіміз қажет», — деді Ф. Олланд.

Сөз соңында Франция басшысы Қазақстан үшін визасыз тәртіпті іске қосу дұрыс қадам екендігін, алайда оны жүзеге асыруға әлі жетпегендіктерін атап өтті. 

 Франция көптеген бағыттар бойынша Қазақстанмен бірлесе жұмыс атқаруға дайын.

«Бұл менің Қазақстанға алғашқы ресми сапарым. Сіз 2012 жылғы көктемде Парижге келген тұста 1993 жылы Франсуа Миттеран Қазақстанға келгенін, оның екі ел арасындағы ынтымақтастықта маңызды орын алғандығын менің есіме салған едіңіз. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің екінші жылы ғана болатын», — деді Ф. Олланд. Сонымен қатар, Француз президенті 20 жыл ішінде Қазақстан керемет өзгеріске түскенін айтып, соның ішінде жаңа Астана салынғанын табысты жетістікке балады.

«Қазақстан Орталық Азия өңірінде көшбасшы рөліне ие. Қазақстан өңірдегі бірінші экономикалық күш қана емес, ол өзінің барлық көршілестерімен, мейлі ол Ресей мен Қытай болсын, мейлі Иран болсын, ыңғайлы әрі жайлы қарым-қатынас орнатып отырған мемлекет. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан көптеген бастамалардың мүмкіндігіне ие. Ал соған орай, Франция көптеген бағыттар бойынша Қазақстанмен бірлесе жұмыс атқаруға дайын», — деді Ф. Олланд. 

 Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан Еуропалық одақпен де байланысын белсенді ете алады. 

«Украина проблемасына келсек, біз бұған алаңдаулымыз. Өңірдегі бөліністер, экономикалық салдардың алдын алу үшін барлық тиісті шешімдер ізделуі шарт. Ал бұндай шешімдер Минск хаттамасына енуі керек, яғни территориялық тұтастық, қақтығыстарды тоқтату, Украинаның шығыс бөлігін орталықсыздандыру принциптерін ілгерілете қамтуы тиіс», — деді Ф. Олланд.

Француз Президенті бұл ретте Елбасы Н. Назарбаевтың жақын аралықта Украинаға баруы жоспарланып отырғанына тоқтала келе, алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

«Қысымды жеңілдетіп, жағдайды тұрақтандыратын кез келген шешімді талқылауға әзірміз. Әлбетте, тәуекелдер қашанда бар, оның ішінде экономикалық дамумен байланысты тәуекелдер де жоқ емес», — деді Ф. Олланд.

Бұдан бөлек, Франция президенті Қазақстанның Ресеймен бірлескен Кедендік одаққа қосылғанына тоқтала келе, осы мәселенің Қазақстан мен Еуропалық Одақ арақатынасына қалай әсер ететініне ресми көзқарасын білдірді.

«Мен осы мәселеге қатысты Франция ұстанымын нық сеніммен  айта аламын. Жалпы, Қазақстан Еуропалық Одақпен өзінің байланысын нығайта отырып, келесі жылдың қаңтарына күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақтан бас тартуға тиіс емес. Бұл — алдағы уақыттың еншісіндегі экономикалық перспективалық қадамдарының дипломатиялық бағыттар теңгеріміне байланысты дүние. Сондықтан да, мен Назарбаев мырзаны оның Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық Одақ аясындағы әріптестікке бағытталған барлық бастамаларын жан-жақты қолдаймын», — деді Франция Президенті. 

Сонымен қатар, Ф. Олланд Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен одан сайын тығыз байланыста болуын қолдайтынын жеткізді. 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Республикасы Президенті Франсуа Олланд бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ-француз бизнес және университеттік форумына қатысты.

«Мен сіздерге Астанаға қош келдіңіздер деймін. Өздеріңіз білесіздер, Франция -біздің алдыңғы қатардағы әріптестеріміздің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек өндіріс саласында ғана емес, жоғары технологиялар саласында да қарқынды дамып келеді. Бұдан әрі де сіздермен бірлескен әріптестігіміз дами беретініне сенімдіміз», — деді Н. Назарбаев Франция Президенті  Франсуа Олландқа.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы француз инвесторларын Қазақстанның экономикалық саясатымен таныстырып, шетелдік бизнесмендерге жасалатын жеңілдіктер туралы жан-жақты баяндап берді.

Айта кетейік, қазақ-француз бизнес-форумында жалпы сомасы 530,3 миллион долларды құрайтын 15 келісімге қол қойылады.

Форумға Францияның 250-ден астам бизнесмендері, ұлттық компанияларының, қаржы  институттарының, үкіметтік емес секторының және жоғары оқу орындарының  өкілдері қатысуда.

Қазақстанның туризм саласын арттыратын әлеуеті баршылық. 

Сөз арасында Француз президенті 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге тоқтала келе,осы бағытта Қазақстанға жан-жақты қолдау білдіруге әзір екендігін мәлімдеді. «Сіздердің елдеріңіз 2015 жылы Францияда Климаттық жаһандық конференция өткізуге қолдау білдіргеніне ризашылығымды жеткізгім келеді. Жалпы, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, энергетикалық тиімділікті арттыру үшін Қазақстан энергия көздерін әртараптандырып отырғаны қуантады», — деді Ф. Олланд. 

Бұдан бөлек, Франция басшысы энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бағытына да тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда ашылған ең бірінші франциялық компания энергетика саласында жұмыс істеген. «Менің сапарым аясындағы Н. Назарбаевпен кездесу барысында біз экономиканы әртараптандыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға да назар аудардық. Бұған агроөнеркәсіп кешені, туризм де, денсаулық сақтау саласы да жатады. Соның ішінде, туризмге келсек, Қазақстанда осы саланы тиімді дамытып, Француз туристерінің Қазақстанға, ал қазақстандық туристер ағынын Францияға арттыратын әлеует  баршылық», — деді Ф. Олланд.  

Қазақстан мен Франция Украинадағы ахуалды реттеу бағытында өздерінің тетіктері мен диалогтық алаңдарын пайдалануға келісті. 

«Қазіргі кездегі шиеленіс пен қысым проблеманы шешуге еш пайдасын тигізбейді. Біз Путин, Порошенко  және Меркельмен бірлесе шиеленісті төмендету үдерісін бастауымыз қажет. Бастапқыда сөз жүзіндегі шиеленісті бәсеңдету керек,  кейін қысымды азайту украиналық аумақтағы нақты іс-қимылдарға да ауысуы тиіс»,- деді Ф. Олланд. 

Ол сонымен қатар үнемі диалогқа ұмтылатындығын, яғни Францияның жағдайы барлық тараптармен диалог жүргізуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен бұл шиеленісті азайту үшін сапарларды, тетіктер мен диалог алаңдарын пайдалануға келістік», — деп тоқталды ол.

Сөз соңында Ф. Олланд осы бағыттағы қадамдар Украинаның аумақтық тұтастығын сақтап қалуға, сондай-ақ осы елдің экономикалық жадайын тұрақтандыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. 

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан қазақ-француз бизнес-форумында Франция инвесторларын ҮИИД МБ екінші бесжылдығына белсене қатысуға шақырды.

«Индустрияландыру нысандары Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан француз компанияларына ҮИИД МБ екінші бесжылдығына белсене қатысуды ұсынамын. Өз тарапымыздан шетелдік команияларға инвестициялық қолдаудың барлық түрлерін көрсетеміз», — деді Н.Назарбаев.

Президент келесі жылдан бастап «Шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар туралы» заңның күшіне енетінін атап өтті.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,7 миллиард долларды құраған.

Ал соңғы 10 жылда елімізге Франциядан тартылған жалпы инвестиция көлемі 10,8 миллиард долларға жетіп отыр. Қазақстанда тіркелген бірлескен кәсіпорындар саны 150-ден асты.

 ЕАЭО мен ЕО әрiптестiктi дамыту жолында белсендi жұмысты бастау керек. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Франция бизнес-форумында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiм еттi. 

«Сiздерге белгiлi, менiң бастамаммен Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Бұл тек экономикалық одақ. Саяси ұйым емес. Ол экономикалық мақсат-мүдделердi ғана көздейдi. Кедендiк одақ үш ел арасындағы кедендiк кедергiлердi жояды. Қазақстан, Беларусь пен Ресей елдерi жалпы көлемi 2 трлн. экономикаға ие. Шамамен 165 млн. халқы бар. Бұл — бiз үшiн жақсы нарық. Егер Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ұзындығы 7 мың шақырымнан асатындығын ескерсек, бiзге ол аса маңызды екендiгiн көресiздер. Жақында ғана бiз Германия Сыртқы iстер министрi Штайнмайермен кездестiк. Бiз екеуiмiз де Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ әрiптестiктi дамыту жолында белсендi жұмысты бастау керек деген ұйғарымға келдiк. Мұндай әрiптестiк екi тарапқа да пайдалы болар едi. Мен оны қолдаймын», — деп атап өттi ҚР Президентi.

Елбасының айтуынша, Қазақстанның Еуропалық одақпен арадағы қарым-қатынасы жоғары деңгейде. 

«Мен сiздерге толық мағлұмат бере аламын: Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 53 млрд. доллардан асады. Ресеймен арадағы тауар айналым 28 млрд. доллар және Қытаймен — 25 млрд. доллар. Бұл бiздiң жалпы тауар айналымы көлемiнiң 70 пайызын құрайды. Қараша айында бiз Еуропалық одақпен әрiптестiктi кеңейтуге бағытталған келiсiмге қол қойдық», — дедi Мемлекет басшысы. 

Айта кетейiк, бизнес-форумға Франция президентi Франсуа Олланд қатысуда. Оның Қазақстанға сапары аясында делегаттар жалпы көлемi 530,3 млн. долларға 15 коммерциялық келiсiмшартқа қол қояды деп күтiлуде. 

 Франция Қазақстанның жоғары оқу орындарымен байланысты тереңдетуге дайын. 

«Білім беру саласындағы ынтымақтастыққа келсек, Қазақстан жоғары оқу орындарын дамытуға мүдделі, ал біз өз тарапымыздан бұны қолдауға дайынбыз. Осы бағытта альянс құрып, аса жоғары деңгейде ынтымақтастық жүргізуге де әзірміз. Бұл ретте дипломдарды, университеттік деңгейлерді өзара мойындау, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен университеттераралық өзара байланыс мәселесін тереңдетуге әзірміз. Ал қол қойылған келісім ғылыми зерттеулер, университеттердің ынтымақтастығын дамытады», — деді Франсуа Олланд.

Сонымен қатар, Франция басшысы ертең Алматы қаласында Орталық Азиядағы алғашқы Сорбонна институтының филиалы салтанатты жағдайда ашылатынын тілге тиек етті. «Менің ойымша, біз осы арқылы Қазақстан мен Францияның басқа да беделді университеттері арасындағы байланысқа жол ашамыз. Осы ретте француз тілін дамытудың жайы да өзекті дегім келеді. Бұл   екі мемлекеттің мәдени ынтымақтастығын тереңдетуге өз септігін тигізер еді», — деді Ф. Олланд.   

Франция Қазақстанға салатын инвестициясы көлемін арттыруға ниетті.

«Қазақстан әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену жөнінде өз алдына биік мақсат қойып отыр. Менің ойымша, Қазақстанда бұған қол жеткізуге қажетті жағдай баршылық. Біз Қазақстанға француздық инвестиция ауқымын арттыруға ниеттіміз. Сонымен қатар, француз тауарларын көбейтуге де мүдделіміз», — деді Ф. Олланд. 

Мемлекет басшысы Франция Президентімен жүргізілген келіссөздер барысында  екіжақты ықпалдастықтың кең ауқымдағы мәселелері талқыланғанын атап өтті.

«Біз еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңіне француз компанияларының қатысу мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлдік.  Қазақстан бұл бағдарламаға қатысатындарға айрықша жеңілдіктер жасап отыр. Сондай-ақ француз тарапы «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлікке және оны өткізуге атсалысуға ықылас танытты», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастық жайына мемлекет басшылары ерекше назар аударғанын айтты.  

«Бүгін білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады. Олар дипломдар мен университеттік дәрежелерді өзара тануға,  тілдерді белсендірек меңгеруге және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ертең Алматыда «Сорбонна-Қазақстан» институтының — Орталық Азиядағы тұңғыш француз жоғары оқу орнының салтанатты ашылуы болады», — деді Мемлекет басшысы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелеріне қатысты Франция тарапының қолдауы жөніндегі маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен ЕАЭО арасында диалог орнату мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесіне қатысты ұстанымы бірдей екенін айтты.

«Біз халықаралық саяси жағдайды ушықтыратын және тек Еуропа мен Азияның ғана емес, бүкіл әлемнің экономикасына теріс әсерін тигізетін бұл дағдарысты еңсеру үшін ортақ келісім болғанын қалар едік. Қазақстан қажетінше күш-жігер жұмсауға әзір, Франция Президенті бұл істе бізді қолдап отыр», — деді Мемлекет басшысы.  

Қазақстан Президенті сондай-ақ Украинадағы оқиғаларға байланысты ахуалдың көпқатпарлы екеніне, оны мейлінше кең ауқымда қарастырған жөн екеніне тоқталды.

«Халықаралық құқық нормалары бұзылды, ірі мемлекеттердің басшылары арасындағы сенім азайды. Бұл ретте дағдарыс атаулының шексіз жалғасуы мүмкін еместігін, ал кез келген соғыс, ерте ме, кеш пе, бейбітшілікпен бітетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан бір-бірін аяусыз тығырыққа тіреу жақсы шешім емес. Біз Франция Президенті екеуміз бітім іздеу және қалыптасқан жағдайдан шығу қажеттігі туралы қорытындыға келіп отырмыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қиындықтар екі елдің қарым-қатынастарына ықпал етпейтініне назар аударды.

«Біз өнеркәсіпте Франциямен бірлесіп 10 жобаны жүзеге асырдық, тағы 18-і бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұлар машина жасау, байланыс, ғарыш, медицина, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдарға қатысты», — деді Елбасы.

Экономикалық қана емес, қоғамдық тұрақтылық мәселелеріне де тоқталған Елбасы этникалық ерекшеліктер бойынша тыйым салатын заңдар қабылданған бірқатар еуропалық елдерге қарағанда, Қазақстанда адам құқығы барынша кең көлемде қамтамасыз етілгенін атап көрсетті.

«Біздің елімізде 100-ге жуық ұлттың өкілі тұрады, олар тең құқыққа ие, тілдері мен мәдениеттері қорғалған. Түрлі этностардың тілінде оқытатын мектептер жұмыс істейді. Діни конфессиялар қызмет істеп, мінәжат орындары салынуда. Біз осылайша адамның маңызды құқықтарын қамтамасыз етудеміз. Біздің өз тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүріміз бар және одан бас тартпаймыз. Әлемде қалыптасқан демократиялық стандарттарды құрметтеп және соларға ұмтыла отырып, біз өз болмысымыздан ажырағымыз келмейді. Егер барлық елдер бір-бірінің ерекшелігін ескеретін болса, өзара түсіністік жақсы бола түсер еді», — деді Қазақстан Президенті.

Елбасының пайымдауынша, екі елдің стратегиялық серіктестікті қазақ-француз қарым-қатынастарының барлық бағыты бойынша нығайтуға ұмтылысын нықтайтын, мемлекет басшыларының Бірлескен декларациясын қабылдау  келіссөздердің маңызды қорытындысы болды.

Франция Президенті екі елдің стратегиялық серіктестігінің маңызды бір бағыты саяси және дипломатиялық ынтымақтастық болып саналатынына тоқталды.

«Қазақстан Орталық Азияда көшбасшылық рөл атқарады, түрлі бастамалар қабылдау мүмкіндігіне ие. Франция сіздермен көптеген бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Біздің бәріміз Украинадағы ахуалға байланысты болып жатқан эскалацияға, бүкіл өңірге әсер етуі ықтимал экономикалық салдарларға алаңдаймыз. Сондықтан осы тұйықтан шығудың шешімдерін іздеген жөн. Ол Минск хаттамасының аясына, яғни аумақтық тұтастық, оқ атуды доғару және Украинаның шығыс өңірлерін орталықсыздандыру қағидаларына сәйкесуі тиіс», — деді Ф.Олланд.

Ол сондай-ақ халықаралық қауіпсіздіктің өзге де сын-қатерлеріне байланысты бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

«Біз терроризммен күреске, Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты өзара саяси ықпалдастығымызды дамытуға тиіспіз. Бұл өңірге әлемнің түрлі елдерінен келетін, көптеген халықаралық содырлар бар, олар осында дайындықтан өтеді. Осының бәрі олар өз елдеріне оралған кезде құрдымға бастайтын зиянды салдарларға соқтыру мүмкіндігін туындатады», — деді Франция Президенті.

Ол екі елдің игілігі тікелей байланысты болатын экономикалық ынтымақтастықтың жаңа салаларын түзудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанда ең алғашқы француз кәсіпорындары энергетика саласында жұмыс жүргізді. Біз енді Қазақстан экономикасын әртараптандыру бағытында —  агроөнеркәсіптік кешен, туризм, денсаулық сақтау және келісімдер қабылданған басқа да салаларды назардан тыс қалдырмай ынтымақтасамыз деп шештік»,- деді Ф.Олланд.

Франция Президенті өз елінің Қазақстанды жоғары оқу орындарын дамыту мәселесі бойынша да қолдауға әзір екенін білдірді.

«Біз сіздің еліңізбен жоғары деңгейде ынтымақтастық орната аламыз. Бұл — дипломдарды өзара мойындауға және Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындары арасындағы зерттеу, ғылыми, университеттік ықпалдастық салаларында жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін келімдерге қол қоюға байланысты мәселе», — деді ол.

Ф.Олланд Францияның экономикалық ахуалына байланысты көрсеткіштер 2014 жылы күткен межеден төмендеу болғанын мойындады.

«Экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық пен өзара капитал жұмсауды арттыру керек. Францияда Қазақстан инвестицияларының көбейіп, біздің еліміздің де экономикалық дамуына толыққанды қатысуына жағдай туғызған жөн. Сонымен қатар, қазір елдің бәрі едәуір инвестицияны талап ететін климат өзгерістерімен бетпе-бет келуде. Осыған орай, елдеріміздің арасында жаңартылған қуат көздері инфрақұрылымын құру үшін зор мүмкіндіктер бар», — деді Франция Президенті. 

Соңында Ф.Олланд Қазақстанда әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу жөніндегі алға қойған мақсатына жету үшін қажетті нәрсенің бәрі бар екенін атап өтті. 

Мемлекет басшылары келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылдады. Сондай-ақ екі ел арасында бірқатар төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасы Ұлттық білім, жоғары білім және ғылым министрлігі арасында университеттік ынтымақтастық, ғылым және кәсіптік білім саласындағы келісім;

— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасы Ұлттық білім, жоғары білім және ғылым министрлігі арасында дипломдарды, университеттік дәрежелерді және оқыту кезеңдерін өзара тану туралы келісім;

— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Француз Республикасы Орталықсыздандыру және мемлекеттік қызмет министрлігі арасында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мемлекеттік басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастығы туралы серіктестік келісім;

— Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Француз Республикасы Экология, орнықты даму және энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

— Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасы Үкіметі арасындағы Жерді қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін және ғарыштық аппараттардың құрастырмалы-сынақтық кешенін жасау және пайдалану шарттары туралы  2009 жылғы 6 қазандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

— Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі мен Француз Республикасы Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі арасында тау шаңғысы туризмі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.  

1 

2 

3 

4 
 

6 

7 

8 

9 

10 

11 

12 

13 

14 

15 

16 

17

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы оның Еуропалық одақ елдерімен қарым-қатынасын күрделендіре қоймайды. Бұл туралы бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде Франция Президенті Франсуа Олланд айтты.

«Қазақстан 2015 жылы жұмысын бастайтын Еуразиялық экономикалық одақтан мүлде бас тартпауға тиіс. Бұл — теңгерімге, бұдан арғы экономикалық және саяси тұрғыдан даму үшін қажетті қадамдар жасауға байланысты мәселе. Сондықтан мен Қазақстан Президентінің елді дамыту және оның еуропалық серіктестерімен қарым-қатынасы жөніндегі барлық бастамаларын барынша қолдаймын. Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Дүниежүзілік сауда ұйымына да одан әрі жақындай түскенін қалаймын», — деді Франция Президенті.

Форум жұмысына 350-ден астам адам қатысып, түрлі салаларда шарттар жасалды.

Қазақстан Президенті қатысушылар қатарының молдығы тікелей байланыстар орнатуға және өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын байқататынын айтты.

Мемлекет басшысы Франциямен арадағы тауар айналымының өсіміне назар аударды, былтыр оның көлемі 6 миллиард доллардан асты.

— Соңғы 10 жылда француз бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициялары 11 миллиард долларды құрады. Өнеркәсіпте ғана емес, жаһандық экономикаға леп беретін жоғары технологиялар саласында да бірлескен жобалар іске асырылуда, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті елімізде жүйелі дамуға бағытталған бірқатар маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығын бастау жоспарлануда, шетелдік инвесторлар үшін түрлі преференциялар мен ынталандырулар қарастырылған. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қабылданды, оның аясында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қазақстан бүкіл Орталық Азия өңіріндегі іскерлік, транзиттік және логистикалық хабқа айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.

Білім мен ғылым саласындағы маңызды бағыттарға тоқталған Қазақстан Президенті табысты жұмыс істеп жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын, мемлекеттік академиялық мобильділік бағдарламасын, сондай-ақ Астанада құрылып жатқан интеллектуалдық-инновациялық кластерді айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев студенттермен, сондай-ақ ғылым-білім саласындағы өзара озық тәжірибелер  алмасу үрдісін интенсификациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы  соңында Ф.Олландтың сапары және осы форумды өткізу екі елдің білім және іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Франция Президенті өз кезегінде  технологиялар, зерттеулер және ғылым зор табыс пен халықтың тұрмыс сапасының жақсаруының кепілі екенін айтты.

Ф.Олланд Қазақстан энергетикалық ресурстарының арқасында Орталық Азия өңірінің экономикалық тұрғыдан мейлінше дамыған еліне айналғанына тоқталды.

«Соңғы 20 жыл ішінде Сіздердің республикаларыңыз қатты өзгерді. Сіздер  осы өңірдегі табыстың жарқын мысалы болып саналатын елді қалыптастыра алдыңыздар. Сонымен бірге, Қазақстан ертеңгі күннің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін технология саласында да ілгерілеп келеді», — деді Франция Президенті.

Ф.Олланд екіжақты қарым-қатынастардың басынан француз кәсіпорындары Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне бірден қызығушылық танытқанына назар аударды. Атап айтқанда, «Тоталь», «Арева» және «Альстом» тәрізді компаниялар Қазақстанда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Франция Президенті Қазақстанға салынған француз инвестициясы деңгейінің өсіп келе жатқанын атап өтті. 

«Сіздің Парижге сапарыңыздың және жұмсалған күш-жігердің арқасында біз экспорттық өнімнің санын арттырдық. Біз француз кәсіпорындары өз өнімдерінің жоғары сапалылығын көрсеткенін қалар едік», — деді Ф.Олланд.