«На весах Фемиды» байқауында жеңіске жеткен журналистер марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«На весах Фемиды» байқауында жеңіске жеткен журналистер марапатталды

«На весах Фемиды» байқауында жеңіске жеткен журналистер марапатталды

Қазақстан судьяларының одағы, Журналистер одағы, «Әділ сөз» қоры «На весах Фемиды» байқауына қатысқан үздік журналистерді, үздік сот очерктерінің авторларын марапаттады.

  • 27 Маусым 2011
  • 579
Фото - Caravan.kz

«Біз соттар туралы репортаждардан басқа, шығармашылық материалдар да жарияланғанын қалаймыз. Бірақ бұл үшін журналистерге материалдармен танысуға мүмкіндік берілуге тиіс. Сондықтан да осы байқаудың аясында Қазақстан тарихында алғаш рет журналистер сот мұрағатына кіре алды», — деп мәлім етті ҚР Жоғарғы сотының судьясы Владимир Борисов.

Байқауға барлығы 63 газет және бір телевизиялық материал ұсынылды. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын «Время» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Галина Выборноваға берілді. Екінші орын «Заң» газетінің тілшісі Шолпангүл Қораеваға бұйырды. Үшінші орын атыраулық «Мұнайлы Астана» газетінің тілшісі Смадияр Құттыкерейге берілді.

Материалдарды бағалау кезінде негізінен сот очеркі жанрының басты белгілерін сақтау, автордың құқық мәселелеріндегі, сот іс жүргізудегі біліміне, шығармашылық шеберлігінің деңгейіне назар аударылды.

«Сот очеркі – аса тартымды жанр. Бірақ өкінішке орай ол көп сұранысқа ие болмай отыр. Журналистерге ұнап, мұндай материалдар баспасөз беттерінде көбейе түседі деп үміттенеміз. Өкінішке орай журналистердің бәрі сот очеркінің жанрлық ерекшеліктерін біле бермейді. Байқауға жақсы материалдар түсті, бірақ олар репортаж немесе тергеу болып шықты», — деп өкініш білдірді «Әділ сөз» қорының төрағасы Тамара Қалеева.

Соңғы жаңалықтар