Жарияланды: 370

НАТО Каддафиге қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолданамыз - Расмуссен

НАТО Ливия басшысы Муамар Каддафи режиміне қарсы күрес жоспарын жаңадан әзірлеп жатыр. Бұл туралы альянс басшысы Андерс Фог Расмуссен «Фигаро» басылымына берген сұхбатында мәлім етті.

«НАТО өз тактикасын түрлендіріп отырады. Біз қазір тікұшақтарды пайдалана бастадық. Енді күресті күшейтудің басқа амалдарын қарастырамыз», - деді ол. «Біз БҰҰ-ның қарарын сақтаймыз, сондықтан Ливияға жаяу әскер жібермейміз. Сонымен қатар, бізге күрестің әртүрлі құралдарын пайдалануға рұқсат етілген. Бірақ, мен әзірленіп жатқан жоспар туралы айтқым келмейді», - деп қосты А.Фог Расмуссен. Ол М.Каддафидің әлі күнге дейін қарсылықты тоқтатпай отырғанына таңқалмайтынын жеткізді. «Бұл жаңалық емес, Каддафиден бәрі күтуге болады. Оның әскері мен қаржысының жеткілікті екенін білгенбіз. Бірақ, біз Ливиядағы қанды қырғынды тоқтаттық және Каддафидің әскери машинасын істен шығардық», - деп атап өтті НАТО бас хатшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін