Назарбаев: Алматыда көптеген проблема бар, оларды жүйелі түрде шешу маңызды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Алматыда көптеген проблема бар, оларды жүйелі түрде шешу маңызды

Назарбаев: Алматыда көптеген проблема бар, оларды жүйелі түрде шешу маңызды

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

  • 2 Наурыз 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мегаполис басшысы қала дамуының 2020 жылғы қаңтар айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, олардың әрі қарай өсу перспективалары жайлы айтып берді.

Сонымен бірге, Б.Сағынтаев Елбасына өндірісті дамыту, құрылыс, шағын және орта бизнес, сондай-ақ, инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асу барысы туралы мәлімет берді.

Алматы қаласы әкімінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айында инвестиция көлемі 43,2 млрд теңгеден асты. Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда өсім 22 пайызды құрады. Бөлшек сауда көлемі 7,5 пайызға өсті. Осы жылдың алғашқы айында қалада 84,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы қаңтардағы көрсеткіштен 6,7 пайызға артық.

Елбасы қала басшылығының атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.


– Өткен жыл жақсы көрсеткіштермен аяқталды. Алматы – Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Қалада көптеген проблема бар екенін білемін. Ол – экология, көлік, шағын және орта бизнестің дамуы, көші-қон мәселесі мен халықты жұмыспен қамту. Бұл мәселелер бізге бұрыннан белгілі. Оларды жүйелі түрде шешу маңызды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті өсіп келе жатқан қала халқын әлеуметтік нысандармен – емханалар, мектептер және балабақшалармен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар