"Өткен жылдың өзінде бюджеттен әкімшілікке қарасты ұйымдарға- әр түрлі АҚ, ЖШС, мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарға 85 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді, бұл Астана бюджетінің төрттен бір бөлігі. Аталған ұйымдардың 32 шығынды кәсіпорындар ретінде танылған, 8 банкрот алдында. Өздерін асырай алмайтын ондай ұйымдарға неліктен мемлекеттік қаржы бересіңдер?", деді Н.Назарбаев жұмада Астананы дамыту жөніндегі жиында.
"Сонымен қатар ведомствоға қарасты бұл ұйымдар өткен жылы банктерде сол қаржының 16 млрд теңгесін ұстап келген, яғни, банкпен ақшаны қоса айналдырып, табыс алып отырған. Ол табыстың қайда жұмсалғандығын әлі тексеру керек", деді елбасы.