Назарбаев Астананың мәдени өмірін түрлендіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Астананың мәдени өмірін түрлендіруді тапсырды

Назарбаев Астананың мәдени өмірін түрлендіруді тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Астананың мәдени өмірін түрлендіруді тапсырды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

"Біз тамаша салынған "Астана Опера" театрында отырмыз, мұнда әсіресе жастар көп келеді, бәрі осында келгенді ұнатады, билет болмай қалады, десек те болады. Бірақ Астананың мәдени өмірі бір жерде ғана тоғысып қалуға тиіс емес қой. Сен жаңа министр ретінде қаламен бірлесіп осы мәселемен айналыс", деді Н.Назарбаев жұмада Астананы дамыту жөніндегі жиында мәдениет министріне сөзін арнаған кезде.

Елбасының айтуынша, сондай мәдени нысандарда адам мәдениеттірек болуға тиіс. "Сұлулық, музыка, өнерге жақын бола түспек. Сол себепті ондай нысандарда жұмыс қызу жүруге тиіс, олардың табыс әкелуі шарт, жоқ дегенде өздерін асырауға тиіс", деді елбасы.