Бұл елімізге азғантай инвестициясын салып, тасы өрге домалаған әлемге танымал ірі корпорациялардың басшылары. Көбі шылқыған байлардың тізімін жасайтын «Форбс» журналының тұрақты кейіпкерлері. Ал шетелдік инвесторларды бір үстелдің басына жинаған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемде ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы мемлекет бола тұра, зор мүмкіндігін пайдалана алмай отырғанын ашына айтты. Тіпті шетел инвестициясының 1 пайызы ғана кенжелеп қалған осы аграрлық секторға жұмсалады екен. Ірі астық экспорттаушы ел болғанымызбен, бюджетке түсетін табыс та мардымсыз. Диқандар Үкіметтің субсиядиясына әбден иек артып алған. Сондықтан Елбасы инвесторларға ауыл шаруашылығына молынан ақша құйса әжептәуір жеңілдік жасауға уәде етті. Өйткені жыл сайын Қазақстан шетелден 4 миллиард доллардың азық түлігін сатып алуға мәжбүр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Думая об этом, огорчаюсь, что огромный сектор нашей экономики оказался не в очень хорошем состоянии на сегодняшний день. Импортируется половина потребляемых сыров, мяса птицы, более 40 процентов колбасных изделий и сливочного масла. Это нас характеризует с очень плохой стороны.