Назарбаев Glencore басшысымен компанияның Қазақстанның индустриясын дамытуға қатысуын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Glencore басшысымен компанияның Қазақстанның индустриясын дамытуға қатысуын талқылады

Назарбаев Glencore басшысымен компанияның Қазақстанның индустриясын дамытуға қатысуын талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Glencore Internatioanl бас атқарушы директоры Айван Глазенбергпен кездесті,

  • 3 Маусым 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz


ол шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысына қатысуға келген болатын, деп хабарлады сәрсенбіде елбасының баспасөз қызметінен.
"Кездесуде компанияның Қазақстанның индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары қаралды", делінген хабарламада.
Н.Назарбаев әлуеті зор Жәйрем тау кен байыту комбинатын компанияның сатып алуының маңыздылығын атап өтті.
А.Глазенберг атап өткендей, Жәйрем кен орнының бұдан әрі дамытылуы компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасын-мырыш саласының ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға ықпал етпек.
Н.Назарбаев сондай-ақ "Ситигруп" бас атқарушы директоры Джеймс Коулзбен де кездесті.
"Біз "Ситигруп" сияқты ірі конгломератпен ынтымақтасып отырғанымызды бағалаймыз. Қазіргі уақытта біз бизнесті жүргізу үшін заңдарды жетілдіру саласында жұмыс атқарып жатырмыз, сол себепті сіздердің тәжірибелеріңіз бен көмек бізге аса керек", деді Н.Назарбаев.
Елбасы Cameco президенті және бас басқарушысы Тим Гетцелмен Қазақстанда уран саласын дамыту келешегін талқылады.
Т.Гетцель өз кезегінде Cameco мен "Қазатомөнеркәсіптің" ынтымақтастығын күшейту маңыздылығын атап өтті.
Алдында хабарланғандай, Астанада 4-маусым күні шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтпек, ондағы негізгі тақырып Қазақстанда агробизнесті дамыту болмақ.