Назарбаев Испания короліне Барселонадағы терактіге байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Испания короліне Барселонадағы терактіге байланысты көңіл айтты

Назарбаев Испания короліне Барселонадағы терактіге байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Испания королі VI Фелипке Басрелонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2017
  • 344
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды", — делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Испания короліне, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстары мен барлық түрік ағайындарға көңіл айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Испанияда бір тәулікте екі теракт болғаны жайлы хабарланған болатын. Барселонада фургон жаяу жүргінші жолында тұрған бір топ адамды қаққан. 13 адам қаза тауып, жүзден аса адам зардап шеккен. Кейін осындай оқиға каталонияның Камбрильсінде болды, оның салдарынан жеті адам зардап шекті. 


Қазіргі уақытта Қазақстанның СІМ өкілдері теракт кезінде зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың болған-болмағанын анықтап жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар