Назарбаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Африка Республикасына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Африка Республикасына барады

Назарбаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Африка Республикасына барады

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшісі Шириш Манаклал Сонимен оның өтініші бойынша кездеседі.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ш.Сони Қ.Тоқаевқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық туралы баяндады. Бұл туралы сенат баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында айтылған.

Қ.Тоқаев Қазақстан президентінің сапары екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамытуға зор серпіліс береді деген пікірін айтты.

Спикер Қазақстанның ОАР-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға деген қызығушылығын атап көрсетті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламентаралық қатынастар үлкен маңызға ие. Ол ОАР халық қалаулыларына елдегі жағдаймен танысу үшін Қазақстанға шақырды.

Ол елшіні келесі жылдың орта шенінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі дінден съезіне дайындық туралы құлағдар етті.