Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айты.

  • 10 Қаңтар 2018
  • 217
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі мәлімдеді.

"Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз — халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары", — деді Елбасы жолдауында.

Президенттің айтуынша, бұлар балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар, Назарбаев 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.

"Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет", — деді Қазақстан Президенті.


Айта кетейік, бүгін, 10 қаңтарда Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланды. 
 

Соңғы жаңалықтар