Жарияланды: 170

Назарбаев Нығматулинге қызмет ұсынды

Назарбаев Нығматулинге қызмет ұсынды

Елбасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Nur Otan партиясының мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне ұсынды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

Нұрлан Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы.

2016 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы.

Үйленген. Үш баласы, төрт немересі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін