Назарбаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті

Назарбаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті

 

  • 22 Наурыз 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді. Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен бірге "Хазірет Қызыр" мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті. © Ақорданың баспасөз қызметі Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.


Ұқсас тақырып:

Қазақстан Президенті Қырғызстан премьер-министрін қабылдады
Қазақстан президенті Оңтүстік Кореяға 2007-жылы келу жөніндегі шақыруды қабыл алды
Соңғы жаңалықтар