Назарбаев парламентке рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев парламентке рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды

Назарбаев парламентке рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліске тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты сотталушыларға рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

  • 29 Қараша 2016
  • 759
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан Республикасының 25 жылдығына байланысты рақымшылық жариялау туралы" заң жобасында негізінен әлеуметтік әлсіз топтар өкілдері, кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдер, егде кісілер, мүгедектер және жеңіл, аса ауыр емес қылмыс жасағандарға рақымшылық жариялау ұсынылған.

Басқа категориядағы адамдарға рақымшылық жасаған қылмысының ауырлығына байланысты шектеулі түрде және келтірген шығынын толық өтеген жағдайда ғана жасау қарастырылған. Құжат жобасында аса қауіпті қылмыс жасағандарға рақымшылық жариялау қарастырылмаған.

Рақымшылық туралы заң жобасын таныстыру бас прокурор Жақып Асановқа тапсырылған.


Қазақстанда бұған дейін рақымшылық 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарияланған. Ол кезде рақымшылыққа 16 мыңнан астам адам ілінген.

Соңғы жаңалықтар