Назарбаев қоршаған орта және су ресурстары министріне тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев қоршаған орта және су ресурстары министріне тапсырма берді

Назарбаев қоршаған орта және су ресурстары министріне тапсырма берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа әкімшілікпен бірлесіп Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешуді тапсырды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 729
Фото - Caravan.kz

"Бұл шаруамен қаламен бірлесіп айналысыңдар.Біз Астананың қоқысын қайта өңдеу мәселесін шешуге тиіспіз, бәріне үлгі көрсетуіміз керек, ескі полигонды қайта қалпына келтіру қажет", деді Н.Назарбаев жұмада Астанада қаланы дамыту жөніндегі жиында.

Елбасы Астанада салынған қоқыс өңдеуге арналған зауытқа қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады. "Оны неше жыл салдық. Енді ол жұмыс істейді ме?", деді ол.

Экология министрлігінің жетекшісі Н.Қаппаров "нысан істейді, бірақ оның қайта өңдеу жағы аса тереңдетілген емес. Ол жоба бойынша сондай болатын", деп жауап берді.

Министрің айтуынша, ведомство қоқыс өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компанияны жаңа инвестор ретінде тартып отыр. "Олар осы зауытқа инвестор ретінде келуге дайын, меншіктенушілермен келісіп жатар, не жаңа зауыт салар. Француздар кешенді жүйе ұсынып отыр, оған орай қоқысты жинау, шығару, қайта өңдеу, утилизациялау және көміп тастау көзделген", деді ол.