Назарбаев ресми Пекинге Қазақстандағы саяси реформаларды қолдағаны үшін ризашылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев  ресми  Пекинге Қазақстандағы саяси реформаларды қолдағаны үшін ризашылық білдірді

Назарбаев ресми Пекинге Қазақстандағы саяси реформаларды қолдағаны үшін ризашылық білдірді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми Пекинге Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды қолдағаны үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Біздің халқымыз Қытай басшылығы тарапынан елімізде болып жатқан барлық оқиғаларды жіті әрі ақниеттілікпен қадағалап отыратындығын жоғары бағалайды», — деді президент.

«Қытай төрағасы еліміз тарихындағы айрықша маңызды күні, біз алғаш рет ел парламентін жаңартылған Конституцияға сәйкес сайлап жатқан күні келіп отыр», — деді ол. «Мәжіліс пен мәслихаттың бүгінгі сайлауы, Конституцияға енгізілген өзгерістер бір ғана мақсатты — ұлттың дамуы мен гүлдене түсуі үшін ел халқының бірлігі мен тұрақтылықты нығайту», — деді мемлекет басшысы.

«Сонымен қатар біз ешкімді қайталамай алға жылжып келе жатқан Қазақстанға ғана лайықты жолды, біздің шараларымызды қолдағаны үшін ризамыз», — деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті