Назарбаев: Соғыс пен бейбітшілік мәселелері БҰҰ-ның қатысуымен, халықаралық құқық қағидаларына негізделе отырып шешілуі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Соғыс пен бейбітшілік мәселелері БҰҰ-ның қатысуымен, халықаралық құқық қағидаларына негізделе отырып шешілуі тиіс

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні G20 саммиті шеңберінде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.
           Кездесуде көп жақты қарым-қатынас пен аймақтық қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелер сөз болды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
           Н.Назарбаев Қазақстанның БҰҰ қызметіне белсенді түрде қатысып, Ұйым бастамаларына қызу қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
           Қазақстанның Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын құру тралы бастамасын еске салған мемлекет басшысы оған қолайлы жағдай жасалатынын айтты.
           Қазақ елі басшысы соғыс пен бейбітшілік сынды халықаралық мәселелердің бәрі халықаралық құқық негізінде шешілуі тиіс екенін және оған БҰҰ қатысуы керектігін атап өтті.
           Өз кезегінде БҰҰ бас хатшысы елбасына бүгінгі кездесу үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстанды Мың жылдықта алған қойған мақсаттарға жетіп, ауқымды экономикалық мәселелерді шешуімен құттықтады.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 665
Фото - Caravan.kz