Жарияланды: 680

Не болды екен. Жуырда отбасын құрған танымал жұп күтпеген мәлімдеме жасады

Не болды екен. Жуырда отбасын құрған танымал жұп күтпеген мәлімдеме жасады

Таяуда отбасын құрған Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Жұлдызды жұп үлкен тойдың болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Батыр мен Әселдің не себепті мұндай шешімге келгені белгісіз. Десе де жұлдызды жұптың жанкүйерлерін алаңдамауға шақырамыз! Батыр мен Әсел айырылысқан жоқ, тек дүркіретіп той жасамауға бел буған. Бұл туралы жас келіннің өзі айтты.

Айтпақшы, жас жұбайлар жақында Әселдің төркініне қонақ болып, барып қайтқан. Батыр Байназаровтың қайын жұртына жасаған сапары жайлы жұбайы Әсел айтып берді.

Той болмайды: Отандық танымал жұп таңғалдырарлық мәлімдеме жасады

“Семейде не істедік? Тамақ іштік, табиғат аясына шықтық, ұйықтадық, қайтадан ас іштік. Күн сайын қонаққа барып, тағы да ас іштік. Қысқасы Семейде өте көңілді күндерді бастан өткіздік. Бұл кішкентай қаланы Батыр небәрі 5 күнде жаттап үлгерді”, – деді ол.

Айта кетейік, Әсел Жамақаеваның ұзату тойы сәуір айының ортасында Семей қаласында өткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін