Негізгі экипаждың құрамындағы Оңтүстік Кореялық ғарышкерді ауыстыру сәуір айында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуына әсерін тигізбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Негізгі экипаждың құрамындағы Оңтүстік  Кореялық ғарышкерді ауыстыру сәуір айында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуына әсерін тигізбейді

Негізгі экипаждың құрамындағы Оңтүстік Кореялық ғарышкерді ауыстыру сәуір айында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуына әсерін тигізбейді

Байқоңыр. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Негізгі экипаждың құрамындағы Оңтүстік Кореялық ғарышкерді ауыстыру сәуір айында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуына әсерін тигізбейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 11 Наурыз 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Мәлім болғанындай, Оңтүстік Корея үкіметі Ресей жағының өтінішімен 8 сәуірге жоспарланған ресейлік «Союз ТМА-12» ғарыш кемесінің бортында Халықаралық ғарыш станциясына ұшады делінген кандидатты ауыстырды. Оңтүстік Кореялық Ко Санның орнына Ли Со Ен есімді ауыстырушы ғарышкер әйелді ұшыруға Ко Санның Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында болу ережелерін бұзуы себеп болған.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарышкерді дублерге ауыстыру ұшырылымға дайындық жұмыстарына кері әсерін тигізбейді, өйткені, екі ғарышкер де бір бағдарлама бойынша дайындалған.

Қазір ғарыш айлағында «Союз ТМА-12» ғарыш кемесін ұшырылымға дайындау жұмыстары жоспар бойынша жалғастырылуда.

Ғарыш кораблі ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары үшін ғарыш айлағына негізгі және қосалқы экипаждар келгенге дейін дайын болады.

«Союз ТМА-12» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына негізгі 17-ші экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді, бұл экипажға ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-ші экспедиция мүшесі Корея азаматшасы Ли Со Ен кіреді.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде ұшырылуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті