"Неке төсегіне кезегін күтпей келетін". Мұсылмандар Одағы басшысы Телібеков тоқалымен арадағы дау туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неке төсегіне кезегін күтпей келетін". Мұсылмандар Одағы басшысы Телібеков тоқалымен арадағы дау туралы айтты

"Неке төсегіне кезегін күтпей келетін". Мұсылмандар Одағы басшысы Телібеков тоқалымен арадағы дау туралы айтты

Жуырда ғана басы дауға қалған Мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков шу шығарған төртінші тоқалы Екатерина ЧЕКАНОВА кінәсін мойындап, жазасын алды, деді. 

  • 6 Қыркүйек 2022
  • 5660
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мұсылманға төрт әйел алу қиын. Жақсы жағы да, кемшін тұстары да бар. Олардың бірі жақында көрініс тауып, үлкен жанжал туды.

Шындығында, кіші тоқал жасына байланысты қыңыр мінезді болып шықты. Бұл үлкен бәйбішелерге ұнамады. Ұзақ моральдық және этикалық нормаларды түсіндіру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Мұның бір себебі оның ұлтының орыс болуы, ал мұсылман дәстүрлері көбінесе орыс адамының этикалық нормаларына қайшы келеді",- деп жазды Мұрат Телібеков.

Оның айтуынша, оқиға үлкен бәбішелерінің кіші тоқалды таяқпен тәрбиелеуге тырысуы барысында ушыққан. 

"Үлкен үш әйел оның қыңырлығына ұзақ көніп келді, ақырында шыдай алмады. Оларды, әсіресе, кіші тоқалдың үй шаруасынан қашқақтап, өз кезегін күтпей-ақ неке төсегіне жиі келуі ашуландырды. Тағы бір моральдық тәрбиелеу әрекетінен кейін тоқал қайтадан бағынбаған кезде, олар оны ұрып-соғуды шешті.

Ақыры жанжал болды. Полиция келді, достары жүгіріп келді… Ренжіген келіншек үлкен бәйбішелерден таяқ жеді деп айтуға батылы жетпеді. Бүкіл әлемге оның үлкен әйелі емес, ең кішісі екенін жариялау намысына тиетін еді. Ол ойланбастан  бәйбішелерді  емес, күйеуін зорлады деп айыптады",- деді Телібеков.

Мұсылмандар Одағы жетекшісі тоқалын осы әрекеті үшін жазалапты.

"Мұндай қулықтан кейін ашуланған күйеуі оған өте ауыр жаза қолданды. Яғни оған бір ай бойы қасына төсегіне келуге тыйым салды. Әйел бұған шыдай алмады, көп ұзамай ол көпшілік алдында өз өкінішін жеткізді.

Кінәсін ашық мойындағанымен, жыныстық мораторий жойылған жоқ, бірақ жағдайды ескере отырып, 15 күнге дейін қысқарды",— деп жазды Мұрат Телібеков.


 

ВОССТАНИЕ МЛАДШЕЙ ЖЕНЫ Тяжело мусульманину иметь иметь четырех жены. Есть плюсы, и есть минусы. Один из них недавно вылез наружу и стал причиной крупного скандала. Дело в том, младшая жена в силу своего возраста оказалась строптивой и своенравной. Это не нравилось старшим женам. Долгие нравоучения и попытки втолковать этические нормы оказались безуспешными. Возможно одной из причин являлся тот факт, что она была русской, а мусульманские традиции часто идут вразрез с этическими нормами русского человека. Старшие три жены долго терпели ее капризы и, наконец, не выдержали. Особенно их возмущало, что младшая избегает домашней работы и часто без очереди лезет в супружескую постель. Когда после очередного нравоучения, женщина вновь ослушалась, они решили задать ей трепку. И случился скандал. Приехала полиция, сбежались подруги… Обиженная супруга не решилась заявить, что ее избили старшие жены. Заявить на весь мир, что она не главная, а самая младшая из жен задевало ее самолюбие. Не долго думая, она обвинила в рукоприкладстве не старших жен, а своего мужа. Конечно же, не самое удачное решение. После такой выходки возмущенный муж принял крайнюю меру наказания – он запретил ей посещать его постель на целый месяц. Женщина вытерпеть этого не могла, и вскоре на свет появилось ее публичное покаяние. Несмотря на чистосердечное признание, сексуальный мораторий не был отменен, но учитывая сложившиеся обстоятельства, сокращен до 15 дней.

Posted by Murat Telibekov on Monday, September 5, 2022

 

Соңғы жаңалықтар