Неміс маманы киіктердің қырылуына «Протонның» тікелей әсері жоқ екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс маманы киіктердің қырылуына «Протонның» тікелей әсері жоқ екенін айтты

Неміс маманы киіктердің қырылуына «Протонның» тікелей әсері жоқ екенін айтты

«Киіктердің қырылуына «Протон» зымырандарының тікелей әсері жоқ». Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер «Астана»телеарнасына берген сұхбатында осылай деді.

  • 29 Мамыр 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Ғалым өлекселердің сынамасы еліміздің үш өңірінде де арам қатқан жануарлардың бір індеттен қырылғанын көрсетті дейді. Айтуынша, бұл — инфекциялық ауру. Сондай-ақ, Цутер қажет болған жағдайда киіктер қырылған жерлерден алынған сынама Еуропаға жөнелтілетінін айтты.

«Біз, белгілі ақпаратқа сүйенсек, мұндай нұсқа орынсыз. Өйткені киіктер бір емес, бірнеше аймақта қырылып жатыр. Ал ракеталар құлаған аймақтар мүлдем басқа», — дейді ол.

Дегенмен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев: «Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандары барлық версияларды егжей-тегжейлі тексереді, — дейді. Ешбір версия назардан тыс қалмайды. Жұмыс тобы құрылды. Инфекцияны, өзге де нұсқаларды қарастырамыз, зерттеп, анығына көз жеткіземіз».