Несиесін өтей алмай амалсыздан банк тонауға тәуекел еткендердің оқиғасы немесе «ВА-БАНК» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Несиесін өтей алмай амалсыздан банк тонауға тәуекел еткендердің оқиғасы немесе  «ВА-БАНК»

Несиесін өтей алмай амалсыздан банк тонауға тәуекел еткендердің оқиғасы немесе «ВА-БАНК»

«Борышкерлер жабылып банк тонады!» Осындай елді селк еткізер оқиғаның желісімен бұрын сонды Қазақстанда болмаған комедия қалың көрерменге жол тартты.

  • 30 Желтоқсан 2019
  • 105
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«ВА-БАНК» голливуд киноларынан асып түспесе кем түспейтін туынды. Кино продюсері көпшілікке қайсар Қорлан рөлімен таныс Құралай Анарбекова бұл фильмнің қызықты шығуна барын салғанын жасырмады.

Бұл фильм тек комедия ғана емес экшнге де толы. Атысатын, төбелесетін қауіпті кадрлар да жоқ емес. Бұл фильмге көптеген менмін деген актерлар түскісі келген, алайда бәрі бірдей кастингтен өте алмапты. Түсірілім барысында басты рөлдегі актер Нышанбек Жұбанаев ауыр жарақат алады. Бірақ ол жарақатына қарамастан бекітілген рөлін соңына дейін сомдап шыққан. .Фильмде басты рөлдерде: Құралай Анарбекова, Нышанбек Жұбанаев, Нүркен Иманқұлов, Ерлан Прімбетов, Досжан Жанботаев т.б актерлар ойнайды. Айта кетсек, фильмдегі кейбір тұстар шынайы өмірден де алынған. Несиесін өтей алмай амалсыздан банк тонауға тәуекел еткендердің оқиғасы немен аяқталғанын білгіңіз келсе кинотеатрға асығыңыз көрермен.

Соңғы жаңалықтар