— Бұл сағат көне екен, және оны жөндеу өте қымбат тұрады,- деді шебер. Тіпті сіз сатып алған бағадан екі есе қымбат болар.
— Мен келістім, — деді сағат иесі.
Сағатшы осыған ұқсас сағатты сатып алып ішін ауыстырып қойды. Ол иесіне сағатты ұсынған кезде ақша орнына екі рет шапалағынан тартып-тартып жіберді.
— Мұныңыз не?- деді қатты сасып қалған шебер.
-Сіз өзіңіз айтпадыңыз ба, сағатты жөндегеніңіз үшін алғашқы сатып алған бағадан екі есе қымбат төлейсің деп,- деді сағат иесі. – Бірақ мен бұл сағатты сатып алған емеспін. Мені алдамақшы болған адамнан бір шапалақ үшін алған болатынмын. Сондықтан мен әділдікпен екі есе бағасын көтердім.
* * *
Шашына ақ түскен кәрі қыз Элис верандада шайқалатын креслода тізесінде жатқан мысығының арқасын сипалап отыр еді. Кенет ғайыптан бір пері пайда бола кетеді де, кез-келген үш тілекті орындаймын деп ұсыныс жасайды.
— Шынымен бе? — дейді кәрі қыз, сенерін де сенбесін де білместен. –Тілек орындайтыныңыз рас болса, алдымен менің шайқалатын кресломды алтын таққа айналдырыңыз.
Пері сиқырлы таяғын сермеп қалғанда кәрі қыз алтын тақта отыр еді. Екі езуі екі құлағына жетіп мәз болды.
— Мен әлі екі тілекке ұсыныс жасай аламын ба?- дейді кәрі қыз көзі жайнап.
— Жаныңыз нені қаласа! — дейді пері. -Онда мені жас та, сұлу аруға айналдырыңыз! — дейді Элис.
Пері тағы да таяқшасын сермеп еді Элистің тілегі орындала қалды.
— Ал енді менің мысығымды бір жас ханзадаға айналдырыңыз,- дейді қыз.
Мейірімді пері өзінің сиқырлы таяқшасын бір сілкіді де, тілекті орындап ғайып болып кетті.
Енді жас Элистің көз алдында мысық орнында жас та сұлу ханзада тұрды. Жас жігіт оған жақындап құшақтап, құлағының түбіне жәй ғана сыбырлады:
— Қалай, мені мал дәрігердің қабылдауына алып барғаныңа әлі де өкінбейсің бе?…
Авторы: Жүрсін Кәрім
* * *