Н.Назарбаев қасиетті кітаптардан адамгершілікке үндейтін мысалдар келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев қасиетті кітаптардан адамгершілікке үндейтін мысалдар келтірді

Н.Назарбаев қасиетті кітаптардан адамгершілікке үндейтін мысалдар келтірді

Адамның сүйіспеншілігін, рақымшылығын, қайырымдылығын оятар болса, нағыз дін сол.

  • 10 Маусым 2015
  • 877
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезінің жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы өз сөзінде әлемдегі барлық дін ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, зорлық-зомбылыққа бой алдырмауға, келісімге шақыратындығын атап өтті.

«Қасиетті Құранда: «Қандай да бір адамды өлтірмеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған жанды нақақ өлтірген адам, барша адам баласын өлтіргенмен тең» деген сөз бар. Мұндай үндеу христиандық жаңа Інжілде де айтылады», — деді Елбасы.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы көне үндістандықтардың упанишадында да адамды адамгершілікке шақыратындығын атап өтті.

«Онда «шөпті жұлғанда, ғаламшар тітіркенеді» делінген. Адамның сүйіспеншілігін, рақымшылығын, қайырымдылығын оятар болса, нағыз дін сол», — деді Н.Назарбаев.