Nokia атауын өзгертпек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Nokia атауын өзгертпек

Nokia атауын өзгертпек

Microsoft компаниясына тиесілі Nokia мобильді бөлімшесінің атауы өзгертілмек, деп хабарлайды Vesti.ru.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бұған қатысты ресми мәлімдеме жасалмағанымен, Microsoft компаниясы серіктестеріне алдын ала ескерту хаттарын таратып қойған.

Фин мобильдік бөлімшесінің қазіргі уақыттағы ресми атауы — Nokia Oyi. Көп ұзамай енді финдік операциялар үшін Microsoft Mobile Oy деген атау қолданылады. Демек бұл финдік компанияның Microsoft корпорациясының толыққанды мүшесі болғанын білдіреді.

Microsoft-тің Nokia «мобильді» бизнесін сатып алатыны туралы өткен жылдың қыркүйек айында жарияланған болатын. Оның құны 5,44 миллиард евроға бағаланған еді.