Норвегия үкімет басшысы 2004-жылдың мамыр айында ресми сапармен елімізге келеді
Норвегия үкімет басшысы Кйель Магне Бондевик 2004-жылдың мамыр айында ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы ҚР сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағының сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама департаментінің директоры Татьяна Жданова мен Ресей Федерациясындағы Норвегия елшілігінің бірінші хатшысы Юн Элведал Фредриксен арасында өткізілген келісөздер барысында мәлім болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Сауда өнеркәсіптік палатасының |
баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ресей Федерациясындағы Норвегия елшілігінің бірінші хатшысының айтуынша, сапар аясында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен "Инновациялық Норвегия" тақырыбында бірқатар тұсаукесер-семинарлар өткізу межеленіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін