Нөсер жаңбыр салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жаңбыр салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы ықтимал

Нөсер жаңбыр салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы ықтимал

Соңғы уақыттары жиілеп кеткен нөсер жаңбырдың салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы әбден мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко мәлім етті.

  • 26 Мамыр 2015
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жағдайдың ерекше екенімен халықты алдын ала хабардар етіп отырғаны құптарлық жағдай. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктемгі дала  жұмыстары кешіктірілуде, себебі соңғы кездегі нөсер жаңбыр жерді ылғалдандырып, көліктердің алқапқа шығуын қиындатып жіберген. Бұл егін егу науқанын кешіктіреді», — деді ол.

Оның айтуынша, бұл жағдай диқандар үшін ауыртпалық тудыруы мүмкін.

«Әрине, кешігіп басталған егін егу науқаны, күзгі жиын-терімнің де уақытын кешіктіретіні сөзсіз. Ол былтырдағыдай егістіктің қар астында да қалуына әкеп соқтыруы да мүмкін. Бірақ жұма күні бізде, Астанада плюс 30 градус болады деп болжанып отыр. Жер біршама кеуіп, кәсіпкерлер мен диқандар астық егуді тезірек қолға алады деп ойлаймын», — деді вице-министр.