Нөсерлі жаңбырдың салдарынан Астана күні мерекесіне арналған басты концерт болмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсерлі жаңбырдың салдарынан Астана күні мерекесіне арналған басты концерт болмай қалды

Нөсерлі жаңбырдың салдарынан Астана күні мерекесіне арналған басты концерт болмай қалды

Астанада нөсерлі жаңбырдың салдарынан қала күні мерекесіне арналған басты концерт болмай қалды.

  • 7 Шiлде 2011
  • 618
Фото - Caravan.kz

Астананың туған күні құрметіне бір жеті бойы өткен мерекелік іс-шараларды қорытындылайтын «Астана — бақыт мекені» атты гала-концерт 6 шілде күні, сағат 21.00-де «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтуі керек болатын. Алайда, концерт басталуға аз қалғанда нөсерлі жауын басталды. Ұйымдастырушылар көрермендер үшін алдын ала су өткізбейтін жамылғыларды қарастырып қойғанымен, толассыз жауған жаңбыр концерт басталуы тиіс уақыттан кейін де тыйылмағандықтан, алдымен балаларын ертіп келгендер мен қарт кісілер, одан кейін барлық көрермендер үйлеріне қайта бастады. Су орнатылған жүздеген техникаға салдарын тигізді.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, ол әдеттегі концерттерге ұқсамайтын, жарық қондырғылардың көмегімен қойылатын, әсерлі музыкалық спектакль болатын. Ол үшін ашық аспан астында аумағы 2500 шаршы метрлік төрт қабатты сахна, көлемі 450 шаршы метрлік экрандар қойылған алып қабырғалар және 10 мың көрерменге арналған орындар жасақталды.

Сахна дизайнын жақында Ресейдің Қызыл алаңында қала күнін ұйымдастырған мәскеулік мамандар жасады. Жарық шамдар шоуын жасау үшін барлығы жарты мыңнан астам жарық беруші қондырғылар орнатылды. Олардың ішінде күрделі динамикалық жарық қондырғылардың саны — 300-ден астам. Шоуды қаланың кез-келген жерінен астананың әрбір тұрғыны көре алу үшін сәулесі 10 шақырымға дейін жететін 5000 Ваттық жоғары қуатты ксенон прожекторлар қойылды.

Ал жарық шоуының сценарийін басынан-аяғына дейін әзірлеген — Сиднейдегі Олимпиада ойындарын, Делидегі Достастық ойындарын және 2011 Евровидениені қойған жарық бойынша танымал суретші — Джерри Аппельт (Германия).

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, гала-концертті әзірлеумен барлығы 1500-ден астам адам айналысты. Техникалар 4 елден 5 жүк әуебортымен және 10 жүк көлігімен жеткізілді. Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеген шоуды жасау үшін сценарийлік-режиссерлік және қойылым жұмыстары саласындағы — композиторлар, хореографтар, инженерлер, сценографтар, декорация суретшілері, сахнаны жарықпен, дыбыспен, арнайы эффектілермен қаматамасыз етушілер, экран технологиясының мамандары, менеджмент, логистика және тағы да басқа мамандар жарты жыл бойы әзірлік жүргізді.

Концертте танымал отандық жұлдыздардың өнер көрсетуі жоспарланды.

Концертке кіру алдын ала таратылған шақыру билеттерімен жүзеге асырылды. Шараға сол күні туған күнін атап өткен Президент Н.Назарбаевтың қатысуы күтілді.

Айта кетейік, бұл — белгілі және белгісіз себептермен болмай қалған Астананың туған күніне арналған биылғы жылғы екінші үлкен концерт.

Соңғы жаңалықтар