"Нұр Отан" 2008 жылғы сәуір айының бірінші онкүндігінде ОҚО-дағы зілзаладан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін республикалық телемарафон ұйымдастыруды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" 2008 жылғы сәуір айының бірінші онкүндігінде 	 ОҚО-дағы зілзаладан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін республикалық телемарафон ұйымдастыруды жоспарлап отыр

"Нұр Отан" 2008 жылғы сәуір айының бірінші онкүндігінде ОҚО-дағы зілзаладан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін республикалық телемарафон ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы үстіміздегі жылғы сәуір айының бірінші онкүндігінде ОҚО-дағы зілзаладан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін республикалық телемарафон ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының VІІІ партиялық конференциясында партия төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ә. Жақсыбеков қостанайлықтарды осы қайрымдылық акциясына белсенді атсалысуға шақырды.

  • 28 Наурыз 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасары өз сөзінде еліміздің жетекші саяси күшінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен су тасқынының салдарын жою және жергілікті халыққа көмек беру бойынша ауқымды жұмыстар атқарды, деді. Қажетті шаралардың кешенді бағдарламасы әзірленіп, жасалды. Аймақтарға партия мүшелері, Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары сапарда болып, партия мен мемлекеттік органдардың барлық ресурстары жұмылдырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдары, барлық бастауыш партия ұйымдары, қатардағы мүшелері су тасқынының салдарын жоюға барынша атсалысты. Партия ең ауыр аудандарға жолсапарлар ұйымдастырып, зілзаладан зардап шеккен адамдарды сөзбен де, іспен де қолдады. Жергілікті жерлерде құтқару және орнына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды. Зардап шегушілерге уақытша пайдалану үшін 7 қалашық, 55 вагон, 60 киіз үй, 600 шатыр құрылып, берілгенде партия мүшелері осы істің басында болды.

«Нұр Отан» партиясы жүргізген жұмыстардың арқасында ОҚО-да болған зілзала апатының салдарын жою үшін ҚР үкіметі 9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ, Республикалық мемлекеттік материалдық резервтен 500 млн. теңгеден астам сомада материалдық-тауар құндылығы келіп түсті.

«Нұр Отан» партиясы көшбасшысының тапсырмасы бойынша партия объектілер құрылысының барысы мен бөлінген қаражатты мақсаттарға сай игеруді өзінің тұрақты да ерекше бақылауына алды»,- деді Ә.Жақсыбеков.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін барлық жерлерде қаражат жиналып, аударылды. Қайырымдылық акциясын өткізудің нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде ғана арнайы шотқа 103 млн. теңгеден астам қаражат түссе, жақын арада 300 млн. теңге келіп түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті