«Нұр Отан» БҚО әкіміне қатысты шуға түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» БҚО әкіміне қатысты шуға  түсініктеме берді

«Нұр Отан» БҚО әкіміне қатысты шуға түсініктеме берді

Әкім қосшыларымен бірге партия жарнасын төлемей жүр. Батыс Қазақстан облысының әкімі әрі «Нұр Отанның» жергілікті филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев былтырдан бері партия алдындағы мүшелік міндетін орындамапты.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің мүшесі Владимир Редкокашин мәлімдеп, өткен жылдың соңғы үй айында жарна төлемеген шенеунікке шүйлікті. Тек, облыс әкімі ғана емес, өзге атқамінерлер де партия алдында қарыздар екен. Ал Оралдағы «нұротандықтардың» өздері мұны жәй ғана түсініспеушілік деп отыр. Айтуларынша, әкім мен оның орынбасарлары мүшелік жарнаны ай сайын бөліп төлеудің орнына бір уақытта аудара салған. Сол себепті кейінгі айдың ақшасы саналмай қалыпты-мыс.


Әлібек Бәйнешов, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Бұл жерде 2013 жылға бір төленген қазан айында, 2014 жылға бір төленген маусым айында. Сол себепті жаңағы қараған кезде соңғы айларға төленбеді деген ой туындап отыр  бұл жерде.