Мұндағы басты мақсат бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруын, ұлтаралық, дінаралық және мәдени салада бірлескен жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, аталмыш келісімге 18 сәуір күні Астанада өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында қол жетіп отыр. Ассамблея құрылғаннан бері ел бірлігіне, ұлттар достығына қызмет етіп келеді.
Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың айтуынша, өңірде 80-нен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл ретте 18 этномәдени бірлестіктің тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауының маңызы зор. Бірлестік өкілдерінің дені «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады және олар партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға қатысып келеді.
Меморандумға сәйкес «нұротандықтар» мен ассамблея ұлттық стратегиялық міндеттерді шешуге бірлесе атсалыспақ, ұлтаралық келісім саласында бірлескен ұсыныстар жасамақ.